13 Наурыз, 2015

«Ашық есік» күні

359 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
13-03-15-mugedekмүмкіндігі шектеулі жандарға арналды  Жуырда Алматыдағы №17 қалалық емханада «Кедергісіз келешек» бағдарлама аясында  Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті   (ҚазМҮББУ)   «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы және Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға ашық есік күні өтті. Елбасы өзінің дәстүрлі Жол­дауында «Нұр Отан» партиясына еліміздегі мүгедектер өмірінің сапасын көтеру жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясы 2014 жылы «Кедергісіз келешек» жобасын қолға алып,  республиканың барлық өңір­лерінде  мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын көтеруге арналған жұмыстарды қарқынды жүргізуде.  Бұл күні ҚазМҮББУ кафедраларының 12-ге жуық жетекші мамандары мен профессорлары әртүрлі себептермен дәрігерге көрінуге мүмкіншілігі  жоқ 50-ден аса мүмкіндігі шек­теулі науқастарға кардиология, ревматология, травматология, урология, эндокринология, педиатрия, т.б. салалар бойынша диагностика жасап,  тексеріп,  кеңестерін берді.  Олардың арасында кардиология кафедрасының профессоры Г.Имантаева, офтальмология кафедрасының профессоры Б.Сүлеева, ревматология, жарақаттану және ортопедия кафедраларының меңгерушілері м.ғ.к. Жазира Омарбекова мен Оразбай Әбдіразақов, т.б. ғалымдар бар. Науқастарды қабылдауда профессорлармен бірге Айгүл Тәжиева басқаратын №17 қалалық емхананың дәрігерлері де  белсене қызмет көрсетті. Сондай-ақ, «Ашық есік» күні аясында Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова, ҚазМҮББУ-дің ректоры Ғалым Тоғызбаев, қалалық «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру және бақылау бөлімінің кеңесшісі, «Кедергісіз келешек» жобасының үйлестірушісі Меруерт Сүлейменовалар мүмкіндігі шек­теулі азаматтарды қабылдап, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, нақты көмектерін көрсетті. – Қала тұрғындарының ден­саулығын жақсарту мақсатында 2014 жылы Денсаулық сақтау басқармасы мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Қазақстан-Ре­сей медицина университетінің арасында Меморандумға қол қойылған болатын, – деді қаланың бас дәрігері Жанат Кәкім­сейітқызы. – Осы меморан­дум бойынша ең басты 8 әлеуметтік мекемеде тұратын жандарға кө­мек көрсетіледі. 2015 жылы да осы бағыттағы шаралар жал­ғасын табуда. Өйткені, бұл өте қажетті шара. Себебі, мүгедек жан­дардың арнайы мамандардың қа­былдауына жету мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан, бү­гінгі ашық есік күніне жет­пістен астам адамды шақырдық, қажетті жағдайда арнайы инватакси жіберілді. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».