08 Наурыз, 2015

Полторанин Әлем кубогы кезеңінде екінші орын алды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2000x2000Poltoranin040113mf086АСТАНА. 8 наурыз. Финляндияның Лахти қаласында өтіп жатқан шаңғыдан Әлем кубогының кезекті кезеңінде отандасымыз Александр Полторанин күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол 15 километрге созылған классикалық жарыста мәре сызығын екінші болып қиды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Александр жарыс жолын 34 минут 54,2 секундта жүріп өтті. Ал біздің шаңғышыдан мәреге үш секунд ерте келген (34:51,2) итальян Франческо де Фабиани кезең жеңімпазы атанды. Қола жүлде жарыс қожайыны Сами Яухоярвиге бұйырды. Ол жеңімпаздан 4,6 секунд қалып қойды. Осы жарысқа қатысқан тағы бір отандасымыз Денис Волотка мәреге 65-ші болып келді. Денис 15 километрді 38:29,5 уақытта жүріп өтті. Сайысқа қатысуға барлығы 73 шаңғышы өтініш білдіріп, соның 71-і жарыс жолына шыққанын айта кетейік. Өткен жылдың қарашасында бастау алған әлем кубогы жарысы осы наурыз айында аяқталады. Соңғы екі кезең 11, 14 наурыз күндері Норвегияның Драммен және Осло қалаларында өтеді. Бүгінге дейінгі кезеңдердің қорытындысы бойынша Александр Полторанин жалпы есепте 9-орында келеді. Оның еншісінде 457 ұпай бар. Ал көш басында 1211 ұпаймен Мартин Суннбю (Норвегия) келеді. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: ski-nordique.net.