08 Наурыз, 2015

Борис Немцовтың өліміне бесінші күдікті анықталды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

08-03-15-nemcov-4

АСТАНА. 8 наурыз. Ресей тергеу комитеті саясаткер Борис Немцовтың өліміне қатысы бар деген бесінші күдіктіні қамауға алуға талап етіп жатыр. Бұл туралы тергеу комитеті ресми өкілі Владимир Маркиннің сөзіне сілтеме жасаған «Газета.Ru» хабарлады. «Тергеу комитеті Борис Немцовтың өліміне қатысы бар бесінші фигурантты қамауға алуға кепілдеме беріп отыр», - делінген хабарламада. Бұдан бұрын Грозныйда полицейлердің ұстауға әрекет жасап жатқан кезінде тағы бір күдіктінің гранатаға жарылып қаза тапқаны хабарланған. Ол Шешенстан орталығындағы көп қабатты үйлердің пәтерінде жасырынып жатқан жерінен іздеп келген құқық қорғаушыларға оқ жаудырған. Сосын тәртіп сақшыларына қарай лақтырған гранатасының жарықшағы өзіне тиіп, сол жерде қаза табады. Ал полицейлер арасынан зардап шеккендер болмаған. Тергеу оның да Немцовтың өліміне қатысуы болуы мүмкін екенін айтып отыр. Қазіргі таңда төрт күдікті қолға түскен. Олардың арасында қолдарына алғашқы болып кісен салынған Анзор Губашев пен Заур Дадаевтан басқа, Анзордың туған інісі және тағы бір жігіт бар. Мұрат Айтқожа. Дерек, фото: Газета.Ru.