07 Наурыз, 2015

Футболдан ел чемпионаты басталды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
156435371АСТАНА. 7 наурыз. Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының кезекті маусымы басталды. Әзірге алғашқы турдың үш ойыны аяқталды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Қызылордада өткен жергілікті «Қайсар» мен Талдықорғанның «Жетісуы» арасындағы ойында есеп ашылған жоқ. Сондай-ақ, «Тараз» бен «Шахтер» тартысында да жанкүйерлер гол көре алмады. Ал Шымкентте өткен «Ордабасы» мен «Ертіс» арасындағы ойында екі гол соғылды. Десек те, бұл кездесуде де жеңімпаз анықталмады. Бір-бір голмен алмасқан қарсыластар тең нәтижені қанағат тұтты. Алаң иелері сапынан Иван Божич 12-минутта есеп ашып, командасын алға шығарған еді. Қонақтар үзіліске санаулы секундтар қалғанда есепті теңестіріп кетті. «Ертіс» сапынан мергендігімен көзге түскен Алан Гатагов болатын. Дәл қазір қалған үш ойын өтуде. Батыс дербиінде «Ақтөбе» өз алаңында «Атыраумен» 1:1 есебімен тең ойнауда. Ал биыл премьер-лигаға қайта оралған Көкшетаудың «Оқжетпесі» «Астана Аренада» ел чемпиондарымен күш сынасуда. Бұл ойында әзірге «Астана» алда келеді. Сондай-ақ, Алматыда «Қайрат» Қостанайдың «Тобылын» қабылдауда. Аталған кедесуде алматылықтар жауапсыз екі гол соғып үлгерді. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: shahter.kz.