29 Маусым, 2015

Тұңғыш Еуропа ойындарында Ресей спортшылары топ жарды (фото)

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29-06-2015-european games 05АСТАНА. 29 маусым. Әзербайжан астанасы – Баку қаласында І жазғы Еуропа ойындары аяқталды. Кеше 16 күнге созылған дүбірлі доданың жабылу салтанаты өтті. Бұл туралы 1news.az хабарлады. Салтанатты шара Бакудегі Олимпиялық стадионда ұйымдастырылды. Оған 60 мыңнан астам халық жиналды. Сондай-ақ, аталған рәсімге Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және бірқатар меймандар қатысты. Еуропа тарихында құрлық ойындары алғаш рет өткізіліп отыр. Бакудегі аламанда 50 мемлекеттен келген 5 730 спортшы 253 медальдар жиынтығын сарапқа салды. Сондай-ақ, олардың спорттың 20 түрінен сынға түскенін айта кетейік. Оның ішінде 16 спорт түрі Олимпиада бағдарламасына енгізілген. Байрақты бәсекенің жалпы есебінде Ресей спортшылары топ жарды. Солтүстік көршіміздің қоржынында 79 алтын, 40 күміс және 45 қола медаль бар. Ал екінші орынға Әзербайжан спортшылары табан тіреді. Олар өз елінде өткен жарыста 21 алтын, 15 күміс және 20 қола медаль еншіледі. Үздік үштікті Ұлыбритания түйіндеді (18-10-19). І жазғы Еуропа ойындарының медальдар жиынтығы бойынша бейресми есебінің үздік ондығы 29-06-2015-european games 01 Еламан Қоңыр. Дерек: 1news.kz. Сурет: baku2015.com. 29-06-2015-european games 02 29-06-2015-european games 03 29-06-2015-european games 08 29-06-2015-european games 09 29-06-2015-european games 06