29 Маусым, 2015

Қытайлық инженер бөтелкеден кеңсе тұрғызды (фото)

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29-06-2015-Kitai 3АСТАНА. 29 маусым. Қытай инженері 8 500 бөтелке құтысынан өзіне кеңсе тұрғызып алды. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Құрылыс факультетінің жас түлегі Ли Ронгджун шағын ғимаратты салу үшін біраз қаражат пен күш-жігер жұмсаған. Ол ерекше кеңсені тұрғызу үшін 8 500 сыра бөтелкесін жинаған. Сондай-ақ, жас инженер құрылысқа 7 150 фунт ақша (70 мың юань) жұмсапты. Ли Ронгджун ның айтуынша, төрт ай бойы салынған ғимараттың жобасын сызуға әкесі көмектескен. Нәтижесінде ауданы 29 шаршы метрлік, ал биіктігі 2,8 метр болатын ғимарат бой көтерді. Енді Лидің бұл өнеріне тамсанған ауылдастары оның әйнектен тұрғызылған кеңсесіне жиі бас сұғатын болыпты. Айта кетейік, шағын ғимарат кешқұрым ерекше түске бөленіп, өзіне келушілерді тарта түседі екен. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: 24.kz. 29-06-2015-Kitai 1 29-06-2015-Kitai 2