Иә, «Өмір-өзен күркірейді, өтеді, кім келеді белгісіз, кім кетері», деп күні кеше ғана өмірден өткен белгілі ақын Әбілда Аймақ жырлағандай мына фәни, бес күн жалғаннан кімнің өтетіні немесе келетіні бір Аллаға ғана аян. Бұл бәрімізге тән өмірдің қатал сынағы.
Нұр жүзінен әрқашанда мейірім мен иман төгіліп тұратын Алма Мұғжанова апайымызды бүгінде сағым болып әлдеқашан артта қалған бала кезімізден бері біледі екенбіз. Ондаған жылдар өте достары да, шәкірттері де «Қосылған қос өзен секілденіп» деп сүйсіне жырға қосқан екі жас сонау 1953 жылы Семей қаласында жолыққан еді. Оқу озаты Құрманбай Әлшериев Семей педагогикалық институты физика-математика факультетінің 3-курс студенті болса, «Арқаның ерке сұлу – Көкешетауындағы» халқымыздың ардағы әйгілі Ақан серінің өзін ғашық еткен Ақтоқты сұлудың ауылынан шыққан, аққудың көгілдіріндей Алма Мұғжанова аталмыш институттың 1-курс студенті еді.
Міне, сол кезден басталған өмірлік жұп күллі ғұмырын бірге өткізді. 1955 жылы институтты бітіре салысымен жас мамандар сол кездегі Павлодар облысы, Бесқарағай ауданы, Семьярск орта мектебіне жіберілді. Естеріне түссе әлі күнге дейін жандары түршігетін жағдай сонда болып еді. Тура 1955 жылы 5 қараша күні атом бомбасы, 10 қараша күні сутегі бомбасы ашық аспан астында сыналды. Бұл Семейдегі әйгілі Абыралы ауданына тиіп тұрған жер болатын. Жүздеген үйдің есік-терезесі қирап, 20-30-ы жермен жексен болғанын көздерімен көргендері өмір бойы естерінде қалыпты. Екеуі де терең білімді физик болғандықтан атом бомбасының күллі зардабын егжей-тегжейлі білетін.
Сонымен, сонау 1962 жылы Құрманбай ағайдың туған жері – Шымкент (Оңтүстік Қазақстан облысының) бұрынғы Қызылқұм, қазіргі Отырар ауданы Шәуілдір селосында еңбек жолдарын бастаған, өз пәндерін өте терең білетін білімді де іскер ұстаздар көп ұзамай-ақ ел құрметіне бөленді. Алма апайымыз 1962 жылдан 1991 жылға дейін аудан орталығындағы ең іргелі Жамбыл, Ленин (қазір Ш.Қалдаяқов)атындағы мектептерде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болса, Құрекең де көп жылдар бойы мектеп директоры болып абыроймен қызмет етті. Бүгінде есімдері елімізге танымал Ақтау, Өскемен университеттерінің ректоры болған Әшім Ахметов, Қазақстанның Бразилиядағы елшісі Бақыт Ордабаев, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Құлбек Ергөбек, белгілі сатирик Көпен Әмірбек, жазушы-тарихшы Жарылқап Бейсенбаев, педагогика ғылымдарының докторы Ұлжан Есназарова, Қазақ-Ресей университетінің профессоры Дүйсенкүл Үркімбаева, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ вице-президенті, Президент сыйлығының лауреаты Еркін Қыдыр бір кездері осы қос ұстаздан тәлім алған сүйікті шәкірттері еді. Сәби көңілімізбен риясыз жақсы көрген ұстаздарымызға деген құрмет өмір бойы үзілмей келеді. Терең білімді физик Құрманбай Әлшериев екеуінің абырой мен беделі ауданға, облысқа кеңінен танымал болып ұстаздардың ұстазы атанды.
Өзекті өрттей шарпыған өкінішке қарай, осыдан 2 жыл бұрын өмірден өткен сүйікті ұлдары, кенжелері Палымның қайғысы асыл анасының әзиз жүрегіне ауыр салмақ салған-ды.
Енді, міне, аяусыз ажал қармағы асыл апайымызды да алып кетіп отыр. Бәрі де жоғары білімді Сайран, Ғалым, Палым (марқұм) сынды үш ұл-қыз тәрбиелеген, мыңдаған шәкіртті білім нәрімен сусындатқан қос ұстаз сексеннің сеңгіріне де қанаттаса бірге жетіп еді. Шаңырақ көтергеніне алпыс жыл толған еді. Қос мерекені әріптестерімен, шәкірттерімен бірге атап өтеміз деп ниеттеніп жүрген еді. Амал не? Ұстаздық жолда барлық атақ-абыройға жеткен асыл апайымыз Алма Мұғжанованың жүрегі осыдан қырық күндей бұрын соғуын тоқтатты.
Алланың ақ нұры аспаныңызда шалқып, топырағыңыз торқа, жаныңыз жәннатта болсын асыл апай!
Ш.Қалдаяқов атындағы мектепті 1979 жылы бітірген шәкірттері.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Отырар ауданы.

Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37