25 Наурыз, 2015

Қазақ қызы шаңғы акробатикасынан әлемдік додада олжа салды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-03-2015-Zhanbota 01АСТАНА. 25 наурыз. Фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақ қызы Жанбота Алдабергенова шаңғы акробатикасы бойынша сынға түсіп, күміс жүлдені қоржынға салды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Жарыс Италияның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өтуде. Барлық жаттығуын сәтті орындаған Жанботаны төрешілер 163,11 ұпаймен бағалады. Біздің қыз әлем чемпионы атанған Александра Романовскаядан (Беларусь) екі-ақ ұпайға қалып қойды. Белорус қызының көрсеткіші 165,19 ұпай. Бұл сында үздік үштікті АҚШ спортшысы Элле Гаудетт түйіндеді (146,59 ұпай). Жанбота Алдабергенова шаңғы акробатикасы бойынша ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшы. 2014 жылы Сочи олимпиадасында 6-орынға табан тіреді. Бұл көрсеткіш әзірге қазақ қыздары үшін ақ Олимпиададағы ең жоғары меже. Одан бөлек, өткен жылы Еуропа кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды. Ал сол сайыстың жалпы есебінде 350 ұпаймен күміс жүлдені қанжығасына байлағаны есімізде. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: vesti.kz.