10 Мамыр, 2015

Чехияда хоккейден әлем чемпионаты өтуде (фото)

301 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Ñáîðíàÿ ÑØÀ - ñáîðíàÿ ÁåëàðóñèАСТАНА. 10 мамыр. Чехияның Прага және Острава қалаларында хоккейден 79-шы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Оған әлемнің ең үздік 16 құрамасы қатысуда. Соның 14-і Еуропа құрлығынан болса, 2 команда ғана Солтүстік Америка өкілдері. Әйтсе де, сол екі құрама әзірге еуропалықтардан озып тұр. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Әлемдік дода 1 мамырда басталды. Қазір сайыстың топтық кезеңіндегі ойындар ойналуда. Бүгінге дейін 42 кездесудің нәтижесі белгілі болды. Әзірге «А» тобында барлық ойында жеңіске жеткен Канада 15 ұпаймен жеке-дара көш бастап келеді. Ал «В» тобында көш басында АҚШ тұр (12 ұпай). Осы ретте Ресей мен Финляндияда да 12 ұпайдан бар екенін айта кетейік. Алайда, екеуі де АҚШ-мен жеке кездесулерінде жеңіліп қалуларына байланысты турнир кестесінде одан кейін орналасты. Ñáîðíàÿ Ðîññèè - ñáîðíàÿ Äàíèè Осыған дейінгі кездесулердің ішінен АҚШ пен Беларусь арасындағы матчты мамандар мен жанкүйерлер сенсация деп бағалады. Себебі, әлемде хоккейден ең азулы құрамалардың бірі саналатын америкалықтар белорустарға қарсы еш шара қолдана алмады. Нәтижесінде Беларусь 5:2 есебімен жеңіске жетті. Ал қарсылас біткенді қоғадай жапырып келе жатқан Канада әзірге 4 шайбадан кем соғып көрген жоқ. Тіпті Үйеңкі жапырақты елінің өкілдері Германияның қақпасына жауапсыз 10 шайба соғып, әлем чемпионаты тарихындағы кезекті ірі есепті тіркеді. Канада мен АҚШ-тың Еуропадағы басты қарсыласы, қазіргі әлем чемпиондары Ресей кеше Беларусьтің тас-талқанын шығарды (7:0). Ал солтүстіктегі көршіміз негізгі қарсыласы - АҚШ-тан 2:4 есебімен жеңілген болатын. 10-05-2015-sweden 01 Бүгін топтық кезеңнің тағы 4 ойыны өтеді. «А» тобында Германия - Чехия, Швейцария - Канада жұптары мұз айдынға шығады. «В» тобынан жанкүйерлер Словения - АҚШ, Словакия - Ресей құрамалары арасындағы ойындарды тамашалай алады. Айта кетейік, әр топтан алғашқы төрттікке ілінген командалар жарыстың плей-офф сатысына жолдама алады. Ал соңғы орын алған екі команда әлем чемпионатының элиталық дивизионымен қош айтысады. Келесі жылы Ресей астанасы – Мәскеуде өтетін 80-ші әлем чемпионатына Қазақстанның да қатысатыны белгілі. Біздің хоккейшілер бұдан ай шамасы ғана бұрын бірінші дивизион бойынша өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған болатын. Чехиядағы доданың топтық кезең бәсекелері 12 мамырда аяқталады. Финалдық ойын 17 мамырда Прагадағы «О2 Арена» мұз айдынында өтеді. Қазірге дейінгі ойындардың нәтижесі бойынша турнир кестесі төмендегідей: 10-09-2015-turnir kestesi hockey 2015 01 10-09-2015-turnir kestesi hockey 2015 02 Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: championat.com. 10-05-2015-rossya-usa 01 Бүгінге дейінгі ойындардың нәтижелері: «А» тобы: 1 мамыр Канада – Латвия 6:1 (3:0, 2:0, 1:1); Чехия – Швеция 5:6 (буллитпен) (1:2, 0:1, 4:2, 0:0, 0:1); 2 мамыр Швейцария – Аустрия 3:4 (буллитпен) (1:0, 1:1, 1:2, 0:0, 0:1); Франция – Германия 1:2 (0:1, 0:0, 1:1); Латвия – Чехия 2:4 (1:0, 1:3, 0:1); 3 мамыр Аустрия – Швеция 1:6 (0:3, 0:3, 1:0); Канада – Германия 10:0 (4:0, 5:0, 1:0); Франция – Швейцария 1:3 (0:1, 0:1, 1:1); 4 мамыр Латвия – Швеция 1:8 (0:1, 1:3, 0:4); Канада – Чехия 6:3 (2:1, 1:1, 3:1); 5 мамыр Швейцария – Германия 1:0 (0:0, 0:0, 1:0); Аустрия – Франция 0:2 (0:0, 0:0, 0:2); 6 мамыр Швейцария – Латвия 1:2 (овер тайм) (0:0, 0:1, 1:0, 0:1); Швеция – Канада 4:6 (3:0, 1:3, 0:3); 7 мамыр Чехия – Франция 5:1 (0:0, 2:1, 3:0); Швеция – Германия 4:3 (2:1, 0:1, 2:1); 8 мамыр Чехия – Аустрия 4:0 (0:0, 3:0, 1:0); Германия – Латвия 2:1 (0:1, 0:0, 2:0); 9 мамыр Франция – Канада 3:4 (1:2, 0:1, 2:1); Аустрия – Латвия 1:2 (овер тайм) (1:0, 0:1, 0:0, 1:0); Швеция – Швейцария 2:1 (овер тайм) (1:0, 0:0, 0:1, 1:0). Ñáîðíàÿ Äàíèè - ñáîðíàÿ Áåëàðóñè «В» тобы: 1 мамыр АҚШ – Финляндия 5:1 (1:0, 2:1, 2:0); Ресей – Норвегия 6:2 (4:0, 2:2, 0:0); 2 мамыр Словакия – Дания 4:3 (буллитпен) (0:0, 0:1, 3:2, 0:0, 1:0); Беларусь – Словения 4:2 (2:1, 1:0, 1:1); Норвегия – АҚШ 1:2 (1:1, 0:1, 0:0); 3 мамыр Ресей – Словения 5:3 (3:0, 1:2, 1:1); Беларусь – Словакия 1:2 (овер тайм) (0:0, 0:0, 1:1, 0:1); Дания – Финляндия 0:3 (0:0, 0:3, 0:0); 4 мамыр Ресей – АҚШ 2:4 (0:1, 1:1, 1:2); Норвегия – Финляндия 0:5 (0:1, 0:2, 0:2); 5 мамыр Дания – Беларусь 1:5 (1:0, 0:3, 0:2); Словакия – Словения 3:1 (0:1, 0:0, 3:0); 6 мамыр Ресей – Дания 5:2 (2:0, 1:1, 2:1); Словакия – Норвегия 2:3 (1:0, 1:2, 0:1); 7 мамыр АҚШ – Беларусь 2:5 (0:0, 1:3, 1:2); Финляндия – Словения 4:0 (2:0, 2:0, 0:0); 8 мамыр Словения – Норвегия 1:3 (0:1, 1:2, 0:0); АҚШ – Дания 1:0 (0:0, 1:0, 0:0); 9 мамыр Беларусь – Ресей 0:7 (0:1, 0:3, 0:3); Финляндия – Словакия 3:0 (0:0, 0:0, 3:0); Дания – Норвегия 4:1 (2:1, 1:0, 1:0).