Фото: profile.ru
Ұялы байланыс операторлары енді жалған нөмірлерден, GSM шлюздерінен және SIM-бокстардан жіберілген қоңыраулар мен хабарламаларды бақылау үшін кіріктірілген алаяқтыққа қарсы жүйелерді пайдаланатын болады.
Жүйе қалай жұмыс істейді:
- Оператор күдікті қоңыраулар мен SMS-ті тіркейді;
- Мұндай жағдайлар бойынша деректерді Ұлттық банктің алаяқтыққа қарсы орталығына, соның ішінде абонент туралы ақпаратты (толық аты-жөні, ЖСН және телефон нөмірлері) жіберіледі;
- Екі күн ішінде тексеру жүргізіледі;
- Алаяқтық дерегі расталса, абоненттің байланыс қызметтері уақытша бұғатталады.
Айта кетейік, жаңа ережеге сәйкес, бір адамға 10 SIM-картадан артық рәсімдеуге болмайды.
Жаңа жүйе операторлар мен Ұлттық банк антифрод-орталығы арасындағы бірыңғай әрекет ету механизмін қалыптастырып, пайдаланушыларды қорғауды күшейтеді және телефон алаяқтық тәуекелдерін азайтады.