Фото: ашық дереккөз
Трамп бұл туралы 2 қараша, жексенбі күні Air Force One ұшағында журналистердің Украинаға әскери қолдау көрсету туралы сұрағына жауап бергенде айтты.
«Жоқ, шын мәнінде, жоқ», деді Ақ үй басшысы сөзін шегелеп.
Бұған дейін Трамп Киев сұраған «Томагавк» зымырандарын беруге әлі дайын емес екенін айтқан болатын. НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен кездесу кезінде сөйлеген сөзінде ол украиналықтарға бұл қаруды игеріп алу үшін кемінде алты ай қажет болатынын атап өтті.