Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев пен «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов баспасөз мәслихатын өткізді. Онда елімізді газбен қамту шаралары сөз болды.
Вице-министр әуелі Мемлекет басшысының берген тапсырмалары мен «Нұрлы Жол» Жолдауында және индустрияландыру бағдарламасы бойынша орындалып жатқан жұмыстар жөнінде әңгімелеп, елді газдандыру мәселесіне тоқталды. Бұйыртса, 2015-2030 жылдарға арналған бас сызба бойынша 2030 жылға дейін 13 облыстың халқы көгілдір отынмен толық қамтылады екен. «Былтыр республикада табиғи газды тұтыну көлемі 12,4 млрд. текше метрге жетті. Естеріңізде болса, өткен жылдың қарашасында Үкімет елді газдандырудың 2015-2030 жылдарға арналған бас сызбасын бекіткен болатын. Осы сызбаны жүзеге асыру арқылы 2030 жылға дейін 13 облыс газбен қамтылады. Қазір еліміздің 42 пайызы газбен қамтылып отыр. Ал, бас сызба аясында тұрғындардың 56 пайызы көгілдір отынға қол жеткізеді. Жалпы, жаңа газ құбырларының ұзындығы 29 мың шақырымға жетеді», деді ол.
Бұған дейін мұнай өндіруге басымдық беріп, газ экспортына аса көңіл бөлмеген еліміз ендігіде бұл шаруаны да мықтап қолға ала бастапты. Себебі, әлем елдерінің газға деген сұранысы жылдам артып келеді екен. Осыған орай еліміз өткен жылдың өзінде газ экспортын 6 млрд. текше метрге жеткізіпті. «Каспий қайраңында ашылған кен орындарын қоса алғанда, еліміздің геологиялық ресурстары газ бойынша 6-7 трлн. текше метрден асады. Шығарылатын қор 3,9 трлн. текше метр. Ал былтыр 43,2 млрд. текше метрді құрады, соңғы төрт жылмен салыстырғанда, бұл екі есеге артық көрсеткіш. Осылайша, елімізде газ өндіру көлемі артып келе жатыр. Бүгінде «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг», «Теңізшевройл», «СНПС-АқтөбеМұнайГаз», «ЖайықМұнай» сынды компаниялар еліміздегі негізгі газ өндірушілер», деп атап өтті М.Мырзағалиев.
Елімізде бұдан былай газ құю стансаларының саны артатын болады. «Министрлік пен «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» компаниясы және «Гелиос» жанар-жағармай құю стансасы желісі арасында газды автокөліктерге отын ретінде пайдалануды көпшілікке тарату жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді. Өкініштісі, әзірше осы отын түрі көліктерде кеңінен тұтынылмай отыр. Мұның негізгі себебі дамымаған инфрақұрылымға, оның ішінде, отын құю стансаларының жеткіліксіздігіне байланысты. Нақты санға жүгінсек, бүгінде автогаз құю бекеттерінің саны еліміз бойынша 500-ден астам ғана және оның көлемі жеткіліксіз. Енді осы кемдіктің орнын толтырсақ деген жоспар бар. Бұған қоса, әлемдік бағаның төмендеуі нәтижесінде сұйытылған газдың шекті көтерме бағасын бекіттік. Енді отынның осы түрі автокөлікпен жүретіндер үшін қолжетімді бола түсті», деді спикер.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16
Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді
Қоғам • Бүгін, 16:08
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Елорда • Бүгін, 15:54
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 15:32
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиға • Бүгін, 15:28
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30