Денсаулық • 19 Ақпан, 2024

Жұқпалы дерттің алдын алған жөн

35 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қоян жылының суығы мен жылымығы қатар жүріп, инфек­ция­лық аурулар көбейіп тұр. Облыстық санитарлық-эпиде­миологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұма­таевтың айтуына қарағанда, былтырғы осы кезбен са­л­ыс­­тырғанда биыл тұмау жұқтырғандардың саны 2,4 есе артып, 20 666-ға жеткен. Ал былтыр бұл көрсеткіш 8 561 болған еді.

Жұқпалы дерттің алдын алған жөн

Тұмаудың тарауы облыс аймақ­тарында бірдей емес, ең көп тара­ған жері – Петропавл қа­ласы. Мұн­да барлық тіркел­ген науқастың 55 пайы­зы шоғыр­ланған. Бұл – 11 300 адам осы күні тұмауратып жүр деген сөз. Олар­дың таратуымен инфек­ция көбейе түсетіні де сөзсіз. Ал қа­ла­ның іргесіндегі Қызылжар ауда­нында тұмауратқандардың саны – 1 400-дей.

«Жаман індеттен кейін көпте­ген адам тұмауды елемейтін болып барады. Мұндай жайбасар­лық­қа жол беруге болмайды. Жұқ­палы аурулардың мау­сымдық көбеюі­не сәйкес Мем­лекеттік бас сани­тар­лық дәрігер 2024 жылдың 8 ақ­панында «Ауалық-тамшылық жолмен берілетін инфекциялық жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын күшейту туралы» қаулы қабылдады. Онда медициналық мекемелерде барлық персонал мен пациент маска тағып жүруге міндетті екені ай­тылған. Сондай-ақ оларда анти­септиктердің болуы да мін­деттелді. Ал халық көп жиналатын әуежай, теміржол мен ав­то­вокзалдарда, базарлар мен сауда-сауық орталықтарында, дүкендерде, театрлар мен кинотеатрларда және қоғамдық көліктерде маска тағып жүру ұсынылған. Ауруға ұшыраған адам­дар үйінен шықпауы керек. Дәрі­герді үйге шақырған жөн. Ауы­рып қалған балаларды мектеп пен балабақшаға жібермеу керек», деді Ә.Жұматаев.

Науқастардың көбірек тір­келуі қаңтар айының ортасынан басталып, алдымен 44 адам H3N2 тұмауымен тіркелген. Соның 36 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. Ал өткен жылдың сәйкес мерзімінде дәл осындай науқастың 18 ғана тіркелген еді.

Ә.Жұматаев облыстағы қы­зыл­ша дертінің ахуалы туралы да айтып берді. Былтыр бұл кезде мұндай дертке шалдыққандар мүлде тіркелмеген болса, бүгінгі таңда 155 науқас тіркеліпті. Бұл дерттің де ең көбі, яғни 71 па­йызы Петропавлда тіркелген. Пет­ропавлдан кейін Аққайың, Есіл аудан­дарынан қызылша көп шығып отыр.

Науқастардың 52%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Қалғаны – әртүрлі жастағылардың үле­сінде. Соның ішінде 40 пен 49 жас аралығындағы 13 адам қызылшамен науқастанған.

Ауруды тарататын негізгі 14 ошақ анықталып отыр. Оның ішінде М.Қозыбаев атын­­дағы Солтүстік Қазақ­стан универ­ситеті, Ж.Қизатов атын­дағы жо­ғарғы ауылшаруа­шы­лығы кол­леджі, бірнеше мектеп бар. Аурудың алдын алу шарасы ре­тінде вакциналау танылған. Бүгінгі таңда 19 688 адам вакцина алған.

 

Солтүстік Қазақстан облысы