Ауыл • 08 Ақпан, 2024

Берекелі бағдарлама

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының шапа­ға­тын шалғай ауылдардың тұрғындары нақты сезіне бастады. Соның бір дәлелі – ауылдық жерлерде ашылып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункттер.

Берекелі бағдарлама

Ұлытау облысында өткен жылы 5 фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы басталған еді. Жыл соңына дейін Жаңа­арқа ауданындағы бір нысан­ның құрылысы аяқталып, пай­далануға берілген де болатын. Енді міне, жаңа жылдың ал­ғаш­қы айының соңғы күнінде Ұлытау ауданындағы Сарысу ауылындағы салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункт­­­тің құрылысы бітіп, халық игі­лігіне қызмет ете бастады.

Мұнда барлық жағдай қарас­ты­рылған. Киім іл­гіш­тен бастап бәрі де заманауи жабдықталған. Шаруашылық-тұрмыстық бөлме, вестибюль-күту аймағы, персоналға, пациенттерге, соның ішінде, мүгедектерге ар­налған санитарлық торап, зарарсыздандыру, ақпарат­тан­дыру, егу, акушер, фельдшер, ем-дом жасау, химизатор кабинеттері кең де жарық әрі бәрі де осы заман­ғы меди­ци­на­лық құрал -жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Фельдшерлік-акушерлік пун­кт бір ауысымда 25 адамға дейін қабылдай алады. Алдағы уа­қытта облыс бойынша тағы 8 ФАП ашылады деп жос­пар­ланған. Мұның 3-еуі – «Ауыл – ел бесігі», 5-еуі – «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлт­тық жобасы аясында қаржы­лан­дырылады.