17 Маусым, 2014

Бала тәрбиесі баршаға ортақ

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Осындай халқымыздың құнды тәмсілін негізге алып Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара қызметі академиясының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі басқармасы Алматыдағы №1 қалалық балалар үйінің тәрбиеленушілерін өздерінде қонақ етті. шекарашылар. К.Ескендидин материалына-2 Қала аумағында орналасқан түрлі балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне қамқорлығын аямай жүрген академия биыл №1 қалалық балалар үйінің 50 шақты тәрбиеленушісіне әскери тәртіпте Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп жүрген ағаларының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Жасөспірімдерге арнап әскери шұғыл амалдарға арналған қару-жарақ көрмесі мен басқа да шекара қызметінің тарихын паш ететін көрнекі құралдар көрмесі ұйымдастырылды. Шекарашылар стадионында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен шекарашылар әртүрлі спорт түрлерінен күш сынасып, қызықты ойындар өткізді. Мемлекеттік шекараны қалтқысыз күзететін жас өрендердің күнделікті дайындығын, оқу-тәрбие жұмыстарын, жабдықталған құралдарын өз көздерімен көріп, тамашалаған жасөспірімдер бұл кездесуге дән риза болып тарқасты. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.