16 Маусым, 2014

Шетелдік инвесторлар Солтүстік Қазақстан облысына қызығушылық білдіруде

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
big123АСТАНА. 16 маусым. Табиғаты сұлу Солтүстік Қазақстан облысында туризм саласын дамытудың мүмкіндігі жоғары. Бұл туралы «24kz» хабарлады. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Имантау, Шалқар көлдеріне шекара асып келетін демалушы қатары жыл сайын артып келеді. Шетелдіктер курорттық өлкенің дамуына қызығушылық танытып отыр. Қалталы азматтар өз қаржыларын басқа да салаларға салуға мүдделі. Жергілікті атқарушы билік осы мақсатта шет мемлекет елшілеріне 200 хат жолдаған. Осы орайда Солтүстік Қазақстан облысы Индустриалды-инновациялық даму басқармасы бөлімінің жетекшісі Ирина Кузнецова: «Инвесторлар басқа да салаларға қызығушылық танытып отыр. Атап айтсақ, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу, машина жасау, тау-кен өндірісі, құрылыс индустриясы. Қазірде Бельгия, Автрия, Швейцария, Испания, Словакия, Польша, Литва мемлекеттерінің елшілерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «24kz». Фото: wikimapia.kz.