16 Маусым, 2014

Еуразиялық экономикалық одақ аясында өнім сапасы жақсарады

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
kusherbaevАСТАНА. 16 маусым. Қызылорда қаласында өтіп жатқан Қазақстан-Ресей-Беларусь эксперттік форумында Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде өнеркәсіпті дамыту және шығарылатын өнім сапасын жақсарту қажет деп мәлімдеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Қырымбек Көшербаев: «Қызылорда облысы бүкіл елімізді күрішпен қамтиды. Мұнда елімізге қажетті күріштің 90 пайызы өсіріледі. Ал, Кедендік одақ құрылған сәттен бастап Қызылорда облысынан Ресей нарығына 73 мың тоннадан астам күріш экспортталды», – деді. Сондай-ақ, облыс әкімі шығарылатын өнімнің сапасын жақсарут жөнінде өз пікірін ортаға сала келе: «Жаңа технологияларды енгізу әрі күріштің жаңа тұзды топырақта шыдамды сорттарын Краснодар қаласындағы бүкіл ресейлік күріш шаруашылығының ғылыми зерттеу институтымен бірлесе жасау бойынша жұмыс басталды. Бұл сұранысты өтеуге мүмкіндік береді», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: news.nur.kz.