16 Маусым, 2014

Ақтөбе облысында алаяқтар айылын жияр емес

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
alayak03АҚТӨБЕ. 16 маусым. Ақтөбе облысында алаяқтар тұрғындардың жалпы көлемі 8 млн. теңгесін «олжалап» кеткен. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 2014 жылдың 12 маусымында 54 жастағы қала тұрғыны өзінің сеніміне кіріп, соңында «Жаңа үй» бағдарламасы бойынша пәтер алуға көмектесемін деп 8 мың АҚШ долларын иемденіп кеткен бір адамның үстінен құқық қорғау орнына шағымданған. Аталған дерек бойынша учаскелік полиция  инспекторларымен осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотты болған 62-жастағы қала тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында ұсталған әйел өз кінәсін мойындады. Сол күні тиісті орынға алаяқтардың құрбаны болған тағы бір жәбірленуші шағым түсіреді. Ол 2010 жылдың қыркүйек айында бір адам өзіне пәтер алуға көмек беремін деп 6 млн. 836 мың теңгесін алып кеткенін айтқан. Қазір күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 177-бабы бойынша іс қозғалды. Бұл әзірге белгілі болғандары ғана. Сатыбалды Сәуірбай. Дереккөз: egemen.kz. Фото: simplehomebusinessystem.com.