14 Маусым, 2014

Футбол. Әлем чемпионаты: Испания – Голландия 1:5

400 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

15-06-14-niderland-1

АСТАНА. 14 маусым. Чемпионаттың Сальвадор қаласында өткен Испания мен Голландия құрамалары арасындағы кездесуінде бірінші сенсация тіркелді. Матч 5:1 есебімен голланд футболшыларының пафдасына шешілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Кездесудің бірінші таймы испандар үшін мұндай қауіптің бар екенін байқатқан жоқ. Қайта әлем чемпионының басымдылығына ешкім күмән келтіре алмады. Сондықтан 27-минутта итальян арбитры голландиялықтар қақпасына күмәнді пенальти тағайындағанда да, жұрт бір жағы мұның әділдік сияқты көріп отырды. Ал Диего Костаның өз еркімен құлап қалғаны үшін белгіленген 11 метрлік айып добын Хаби Алонсо дәл ұрып түсірді. Испандар бұдан кейін де ойын тізгінін қолдарынан шығара қойған жоқ. Бірақ арасында қарсыластарының қарсы қауырт шабуылдарын жіберіп қойып жатты. Голландиялықтардың бұл жорықтары шынында қауырт жасалып тұрды. Олар өздерінің қорғаныс шептерінен қарсы қақпа маңына тез жетіп жүрді. Міне, солардың бірінде, 44-минутта Робин ван Перси испан қақпашысы Икер Касильястың алға шығып кеткенін әдемі пайдаланып, алыстан ту сыртына доп асырды. Сол доп жібек тордың аумағына барып күмп етті – 1:1. Нағыз аламан-тасыр ойын екінші таймда басталды. Бұл кезде бірнеше тәжірибелі ойыншыларымен бірге жас футболшылардан құралған Голландия құрамасын тіпті танымай қалдық. Ол жаңа қалыптасып келе жатқан команданың емес, болып-толған толымды топтың тегеурінін көрсетті сол кезде. Алайда, алдымен 52-минутта Арьен Роббен өз ұжымын алға шығарғанда да, жұрт әлем чемпиондары үшін әлі көп нәрсе жоғала қоймағандай, бұл олқылықтың орны тез тола қалатындай көріп отырған. Бірақ 64-минутта Стефан де Врей «Қызғалдақтар елі» құрамасын екінші рет ілгері өрлеткенде (3:1), бір дауылдың шынында үйіріліп келе жатқанын жүрек сезді. Бұдан әрі қарсы шабуылдың қызығына түсіп қана қоймай, одан сәт сайын нәтиже шығаруға бейімделе берген голландтар олаң үстінде барынша сенімді көріне бастады. Соның арқасында дубльге қол жеткізген Робин ван Перси 72-ші, Арьен Роббен 80-ші минуттарда Испания құрамасын жермен-жексен етуді жақындата түсті. Осылайша есеп 5:1-ге жетті. Дамир Қожамқұл.  Дереккөз: Чемпионат.Ру. Фото: Чемпионат.Ру.