14 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасының Заңы № 206-V ҚРЗ

252 рет
көрсетілді
54 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; №20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; №5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; №23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., №18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., №12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; №10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат): 156-баптың 4-тармағындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., №8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; №17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; №21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; №8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; №24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; №4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: 193-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «193-бап. Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi заңдастыру (жылыстату)»; мынадай мазмұндағы 205-2 және 205-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «205-2-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау 205-3-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану»; 2) 51-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын: «Осы Кодекстің 193-бабында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін, сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, сотталған адам басқа тұлғалардың меншігіне берген мүлік те тәркіленуге жатады. Террористік қылмыстар жасағаны үшін, сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен табылған, террористік әрекетті қаржыландыруға пайдаланылған не пайдалануға арналған мүлік те тәркіленуге жатады.»; 3) 190-баптың ескертулерінде: 1-тармақтағы «190 және 191» деген сөздер «190, 191, 205-2 және 205-3» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ «192-1,» деген цифрлардан кейін «205-2, 205-3,» деген цифрлармен толықтырылсын; 4) 193-бапта: тақырып және бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «193-бап. Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)                  өзге мүлiктi заңдастыру (жылыстату) «1. Қылмыстардан алынатын кірістер болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару жолымен мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға тарту, егер мүлік қылмыстардан алынатын кірістер болып табылатыны белгілі болса, мұндай мүліктің шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, оған билік ету, орнын ауыстыру тәсілін, оған құқықтарды немесе оның тиесілілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты осы мүлікті иелену және пайдалану – мүлкі тәркіленіп, бес жүзден бір мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не бір жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салып не онсыз, бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; ескертулерде: 1-тармақтағы «ақша қаражатын немесе басқа мүлiктi» деген сөздер «қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «ақша қаражатын немесе мүлікті» деген сөздер «ақшаны және (немесе) өзге мүлікті» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Осы бапта конверсиялау деп шарттарды елеулі қайта жасау, өзгерту, ақшаның және (немесе) өзге мүліктің біреуін басқасына ауыстыру түсініледі.»; 5) мынадай мазмұндағы 205-2 және 205-3-баптармен толық­тырылсын: «205-2-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау 1. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау, егер мұндай іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасса, – бес жүзден бір мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не алты айдан екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады. 2. Мынадай: 1) бірнеше рет жасалған; 2) аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасқан; 3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол іс-әрекет – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір мыңнан екі мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескертулер. 1. Осы бапта бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау деп «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде бағалы қағаздарға орныққан бағадан жоғары немесе төмен баға белгiлеуге және (немесе) ұстап тұруға, бағалы қағаз саудасының көрiнiсiн жасауға бағытталған әрекеттерi түсініледі. 2. Осы Кодекстің 205-2 және 205-3-баптарында ірі залал деп сомасы он мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын залал танылады. 205-3-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану 1. Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу кезінде инсайдерлік ақпаратты пайдалану, үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратты заңсыз беру, инсайдерлік ақпаратқа негізделген, бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу туралы ұсынымдарды немесе ұсыныстарды үшінші тұлғаларға беру жөніндегі қасақана әрекеттер, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасса, – бес жүзден бір мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыруға не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға не белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған; 2) аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасқан; 3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір мыңнан екі мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Осы бапта инсайдерлік ақпарат деп бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары), олармен жасалатын мәмiлелер туралы, сондай-ақ бағалы қағаздарды (туынды қаржы құралдарын) шығарған (берген) эмитент, ол жүзеге асыратын қызмет туралы, коммерциялық құпияны құрайтын анық ақпарат, сондай-ақ үшінші тұлғаларға беймәлім, жария болуы бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) құнының өзгеруіне және олардың эмитентінің қызметіне ықпал етуі мүмкін өзге де ақпарат түсініледі.». 3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; №6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; №21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; №24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., №12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; №24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; №4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 13, 62, 64-құжаттар; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76, 78-құжаттар; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы): 192-бапта: бірінші бөліктегі «233-3,» деген цифрлар алып тасталсын; үшінші бөліктегі «193 – 196, 199 – 205-1» деген цифрлар «194 – 196, 199 – 205-3» деген цифрлармен ауыстырылсын; 4-3-бөлік «Қылмыстық кодексiнiң» деген сөздерден кейін «193,» деген цифрлармен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 4-4-бөлікпен толықтырылсын: «4-4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 233-3-бабында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық iсті қозғаған ұлттық қауіпсiздiк немесе қаржы полициясы органдары жүргізедi.». 4. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; №10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; №10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат): 765-баптың 7-тармағындағы және 830-баптың 5-тармағының 4-1) тармақшасындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын. 5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; №12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; №3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; №10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; №15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж.,№ 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; №7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; №11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; №10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; №14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; №23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; 2014 жылғы 19 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында 168-3-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «168-3-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу»; 2) 168-3-бапта: тақырыптағы «Заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын; бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қаржы мониторингi субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингiне жататын операциялар, өздерінің клиенттері туралы ақпаратты құжаттық тiркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операциялар жүргізуді тоқтата тұру және одан бас тарту, өз қызметі процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлiгiнде бұзуы – »; екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларын және оны жүзеге асыру бағдарламаларын әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау жөніндегі міндеттерді орындамауы – »; бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, тауар биржаларының, бухгалтерлік қызметтер көрсету саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, микроқаржы ұйымдарының, банктер болып табылмайтын электрондық ақша жүйелері операторларының, ойын бизнесi мен лотереяларды ұйымдастырушылардың, пошта операторларының, аудиторлық ұйымдардың лауазымды адамдарына, нотариустарға, адвокаттарға, дара кәсiпкерлерге – үш жүз сексеннен төрт жүзге дейiнгi мөлшерінде, тауар биржаларына, бухгалтерлік қызметтер көрсету саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, микроқаржы ұйымдарына, банктер болып табылмайтын электрондық ақша жүйелерінің операторларына, ойын бизнесi мен лотереяларды ұйымдастырушыларға, пошта операторларына, аудиторлық ұйымдарға – алты айға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр қызмет түрiне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып немесе бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) уақытша айыра отырып не олардан айыра отырып немесе алты айға дейiнгi мерзiмге заңды тұлғаның қызметiн тоқтата тұрып, бiр мың сегiз жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 3) 169-баптың төртінші бөлігінің бесінші абзацындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын; 4) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының алпыс бірінші абзацындағы «изоляторларының (367-бап) уәкілетті лауазымды адамдарының құқығы бар;» деген сөздер «изоляторларының (367-бап);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алпыс екінші абзацпен толықтырылсын: «пошта байланысы саласындағы уәкілетті органның (168-3-бап) уәкілетті лауазымды адамдарының құқығы бар;»; 5) 637-баптың бірінші бөлігі «158-5,» деген цифрлардан кейін «168-3,» деген цифрлармен толықтырылсын. 6. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат): 1) 10-баптың 1-тармағында: 19) тармақшадағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын: «19-1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа жүзеге асырылатын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, декларацияланған мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөніндегі ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға тоқсан сайын ұсынуға;»; 2) 16-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын. 7. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; №3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат): 8-баптың 33) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын. 8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; №15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; №8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат): 1) 8-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Банктерге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, банк қызметiне қатысы жоқ не осы Заңның осы бабының 9-тармағында және 30-бабының 12-тармағында көзделмеген операциялар мен мәмiлелердi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады. 2. Банк холдингтерiне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, операциялар мен мәмiлелердi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.»; 2) 46-баптың 8-тармағы: «банктiң iрi қатысушыларына» деген сөздерден кейін «,банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға» деген сөздермен толықтырылсын; «банктің немесе банк конгломератының» деген сөздерден кейін «, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 47-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын: «9. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 2-тармағының а) және б) тармақшаларында көзделген санкциялар қолданылады. Осы баптың 5-тармағының, 7-тармағы бесінші бөлігінің және 8-тармағының талаптары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды лицензиядан айыру жағдайларына қолданылады.»; 4) 48-баптың 1-2 және 1-3-тармақтары алып тасталсын; 5) 50-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1-1) банктердiң қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы, оның ішінде ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күдікті операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беруі;»; 6) 51-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке және заңды тұлғаның банк шоттары бойынша операциялары «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен тоқтатыла тұрады.». 9. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат): 12-баптың 22) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын. 10. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; №6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., №14, 72-құжат): 5-3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;». 11. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; №23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат): 10-баптың 2-тармағының 3-1) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыс­тырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын, 18-баптың 2-тармағындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын, 31-баптың 3-1-тармағындағы және 33-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын. 12. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; №10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат): 11-баптың 2-1-тармағының бірінші бөлігіндегі және 18-баптың 4-тармағындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын. 13. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат): 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар 1. Осы Заң, пошталық ақша аударымдарын жүзеге асыруға байланысты қатынастарды қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi. 2. Қазақстан Республикасы банктерiнiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және шетел банктерiнiң (қаржы институттарының) арасында жүзеге асырылатын халықаралық ақша төлемдерi мен аударымдарына байланыс­ты қатынастар Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып, олардың арасындағы шарттармен және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерiмен реттеледi. Егер халықаралық ақша төлемдері мен аударымдары бойынша әрекеттерге Қазақстан Республикасының аумағында бастамашылық жасалса, онда мұндай қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн бөлiгiнде аталған шарттармен және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерімен реттеледi.»; 2) 6-баптың 1-1-тармағы 2) тармақшасындағы «банк шотын ашуға тыйым салынады.» деген сөздер «банк шотын ашуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) анонимдік банк шоттарын немесе ойдан шығарылған аттарға банк шоттарын ашуға тыйым салынады.»; 3) 11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Егер осы тармақта өзгеше белгінбесе, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жердегiлерді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бюджетпен есеп айырысудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметiн жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға мiндеттi. Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдердi қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Бұл ретте ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жердегiлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимiн қолданатын және қызметін Астана, Алматы қалаларында, облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар осындай жабдықты (құрылғыны) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге міндетті. Осы бапта белгіленген міндеттемелер мен ережелер сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде қолма-қол ақшаны пайдаланбай ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және (немесе) заңды тұлғаларға қолданылмайды.»; 4) 18-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы және 35-баптың 5-тармағындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын; 5) 36-1-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Эмитент қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, өзімен тиісті шарттар жасасқан операторлар туралы мәліметтер жіберуге міндетті.». 14. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат): 10-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын. 15. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., №5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., №17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., №17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат): 9-баптың 10-тармағының екінші бөлігіндегі «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын. 16. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; №8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат): 7-баптың 14-1) тармақшасындағы, 20-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын және 21-баптың 2-тармағының 10) тармақшасындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын. 17. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат): 7-баптың 6) тармақшасындағы «Заңсыз» деген сөз «Қылмыстық» деген сөзбен ауыстырылсын. 18. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат): 1) 43-баптың 14-1) тармақшасындағы «заңсыз» деген сөз «Қазақстан Республикасының қылмыстық» деген сөздермен ауыстырылып, «Қазақстан Республикасының» деген сөздер алып тасталсын; 2) 48-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздарм