11 Маусым, 2014

Астанада жоғары бiлiм беру көшбасшыларының III Еуразиялық форумы өтуде

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
nazarbaev0202АСТАНА. 11 маусым. Назарбаев университетiнде Жоғары бiлiм беру көшбасшыларының III Еуразиялық форумы (EHELF) өз жұмысын бастады. Бұл туралы BNews.kz хабарлады. Бiлiм беру саласындағы маңызды оқиғаларының бiрi болып есептелінетін бұл дәстүрлі форумға Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдiқалықова, Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов, Назарбаев университетiнiң президентi Шигео Катсу, Беларусь мемлекетінің Бiлiм министрi Сергей Маскевич, Еуропалық студенттер одағының басшысы Рок Приможич және еліміздің жоғарғы оқу орындарының ректорлары, Кембридж, Торонто, Хартфорд, Фукуа атындағы Бизнес мектептерi мен Дьюк университеттерінің ғалымдары қатысуда. Сондай-ақ, қазақстандық және шетелдiк студенттер де форум жұмысына белсене араласуды. Осы форумда «Қазақстан Республикасында 2015-2020 жылдарға арналған бiлiм берудi реформалаудың стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру» Жол картасының нәтижелерi ұсынылады. Жолдыбай Базар. Дереккөз: BNews.kz. Фото: newskaz.ru.