11 Маусым, 2014

Еліміз бойынша Астана туралы 25 жаңа ән жазылды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
PrintАСТАНА. 11 мамыр. Елорда күніне орай  ұйымдастырылып отырған «Ән жүрегім - Астана!» жас орындаушылардың байқауына еліміздің өңірлерінен Астана туралы 25 авторлық ән келіп түсті. Бұл туралы astana.kz хабарлады. Астана күніне арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы хабарлағандай, байқауға қатысуға ниет білдіргендерден өтінімдер қабылдау 20 маусымға дейін жалғасады. Байқау алғаш өткізілгелі бері, яғни, төрт жылдың елордамыз жайлы 100 жуық жаңа ән жазылыпты. Өнер сайысын ұйымдастырушылардың айтуларына қарағанда, «Ән жүрегiм - Астана!» елорда туралы үздік әндерді көпшілікке таныстырады етеді, сондай-ақ, жас дарынды орындаушыларға үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік береді. Шараны өткізудегі мақсат –  жастарды отаншылдыққа, елді, жерді сүюге шақыру. Байқау талабы бойынша, қатысушылардың жасы 30-дан аспауы керек. Сондай-ақ,  авторлық ән толығымен «Ән жүрегiм - Астана!» тақырыбына сай болуы тиіс. Жеңімпаз бен жүлдегерлер гала-концертке қатысып, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жолдыбай Базар. Дереккөз: astana.kz. Фото: afishaday.kz.