11 Маусым, 2014

Қылмыс жасағандар мектептерде ұстаз болып жүр

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырау мектептерінде ауыр қылмыс жасаған адамдар жұмыс жасап келіпті. Олардың ішінде адам өлтіруге қатысқандар  да бар. Бұл деректерді облыстық прокуратура қызметкерлері жасы кәмелетке толмағандармен жұмыс жасайтын денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, спорт және денешынықтыру, білім беру ұйымдарында еңбек заңнамалары талаптарының сақталуына тексерулер кезінде анықтады. Тексеру барысында заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар және кәмелетке толмаған­­дар­ға қатысты қылмыстары (адам өлтіргені, денсаулығына қасақа­на зиян келтіргені, жыныстық тиіспеушілігіне қарсы) үшін сот­тылығы болған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері анықталды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық санаттағы қылмыс жасаған адамды лауазымды орынға қабылдау фактілері әшкере болып отыр. Анықталған фактілер бойынша облыстық прокуратурамен уәкілетті органдардың атына заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныстар енгізілді. Оның қаралу қорытындысымен еңбек заңнамасының бұзылуына жол берген мекеме басшылары тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса 5 мектеп директоры, 1 бас есепші, 5 мұғалім, 4 жаттықтырушы, 10 техникалық қызметкер қызметінен босатылды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.