11 Маусым, 2014

Студенттер театры

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG_0143 Қызылордадағы «Болашақ» университеті елге үлгі, жастар ұнататын тұлғаларды өз төріне шақырып, студенттермен IMG_0083жолықтырып, сұхбат құрып, еркін алаң жасау мақсатында «Мәртебелі мейман» жобасын қолға алды. Бұл жолы «Мәртебелі мейман» ретінде ақын, драматург Исраил Сапарбай шақырылыпты. Ақын мен жастардың ортасында өлең мен өмірдің арасындағы әңгіменің барлығы қамтылды. IMG_0119Онан соң осы университет жастарынан құралған студенттер театрының тұсауы кесілді. Қанатқақты қойылым көрсетілді. Жастар Исраил Сапарбайдың осыдан 23 жыл бұрын қойылған «Ауылдан келген ару» деген пьесасын таңдап алыпты. Оқуға түсе алмай қалған қыздың тағдыры қаланың даңғаза өміріне ұласып, алданып, әр нәрсеге арбалып, ақыр аяғы жүкті болып, өмірге нәресте әкеліп, оны тастап кетумен аяқталады. Күнделікті күйбең тіршілікте кезігетін оқиға. Әсіресе, қаланың қым-қуыт тірлігіне қызыққан ауыл баласына тән құбылыс. Мамандықтары актерліктен алыс болса да «Болашақтың» студенттері қойылымды әдемі алып шықты. Көрерменді сендірді. Көзге ыстық жас келтірді. «Біз осы арқылы жас­тарды кері әрекеттерден, жаман құбылыстардан сақтандырығымыз келді. Жастарға ой салып, оң жолмен жүруді насихаттамақ ниетте болдық», – дейді университеттің негізін салушы Бақберген Досмамбетов. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». ҚЫЗЫЛОРДА.