11 Маусым, 2014

Алыстағы елмен алыс-беріс артады

315 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Куба Республикасында сапармен болды. Сапар барысында қазақ­стандық дипломат Кубаның Сыртқы істер министрі Бру­но Родригеспен кездесіп, Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан На­зар­баевтың Куба Мемлекеттік кеңесі мен Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастроға жолдау хатын тапсырды. Кездесу барысында Е.Ашықбаев, сонымен қатар, Қазақстан Сыртқы істер ми­нистрі Ерлан Ыдырысовтың аты­нан Куба сыртқы саясат ве­домство­сының басшысын Ас­тана­ға ресми сапармен келуге ша­қыр­ды. Кубалық тарап бұл шақы­руды ризашылықпен қабыл алды. Қазақстандық делегация Куба Сыртқы істер министрінің орын­басары Рохелио Сиерра бас­қарған кубалық делегациямен ведомствоаралық консульта­циялар өткізді. Екіжақты форматтағы, сондай-ақ, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы талқы­ланды. Тараптар саяси үнқа­ты­судың күшеюі мен екіжақты құ­қық­тық негіздің дәйекті түрде кеңеюін қанағат сезіммен атап өтті. Қазақстан делегациясының кубалық жетекші биофар­ма­цевтикалық және химиялық өнімдерді шығаратын кәсіпорын – «Лабиофам» мен Гендік инженерия және биотехнология­лар орталығына сапарлары нәти­жесінде денсаулық сақтау сала­сындағы ынтымақтастық перс­пективалары белгіленді. Е.Ашықбаев пен Р.Сиерра екі ел арасындағы визалық тәр­тіпті одан әрі жеңілдетуді қол­дай­тындарын атап өтті. Бұл екі елдің іскерлік байланыстарының кеңеюіне және туристік алма­судың артуына жол ашатын болады. Сондай-ақ, қазақстандық дипломат Куба Сыртқы сауда және шетел инвестициялары министрінің орынбасары Илиана Нуньеспен, Куба коммунистік партиясы Орталық Комитетінің сыртқы істер департаменті басшысының орынбасары Ос­кар Мартинеспен және Куба Халық билігі ұлттық ассамблея­сы төрағасының орынбасары Ана Мария Мачадомен кездесті. Тараптар түрлі салалардағы ын­тымақтастықты жандандыруды қолдайтындарын атап өтті. ҚР СІМ басшысының орынбасары Кубаның ұлттық қаһарманы Хосе Марти ескерткішіне гүл шоғын қойып, кубалық БАҚ-қа эксклюзивті сұхбат берді. «Егемен-ақпарат».