05 Маусым, 2014

Нұротандықтар жастарға еуразиялық интеграцияның маңызын түсіндірді

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Nurotan03АСТАНА. 5 маусым. Еуразиялық интеграцияның маңызын тұтас ел, барлық мамандық иелері жете түсінуі керек. «Нұр Отан» партиясының мүшелері осындай пікірде. Бұл туралы «24kz» хабарлады. «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы жанынан құрылған жедел топ мүшелері студенттермен кездесу өткізді. Қостанай медициналық колледжінде ұйымдастырылған бұл жиында экономистер мен басқа да сала мамандары еуразиялық интеграцияның басты бағыттары жайлы әңгімелеп берді. Нұротандықтар әлемдік нарықтағы бәсекелестікке төтеп беру үшін интеграция жолына түсудің маңызы зор деп есептейді. Олардың пікірінше, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика салаларын өркендету үшін елімізге сенімді серіктестер қажет. Бұдан бөлек, олар құрлықтық және су жолдары тасымалының ашылуы отандық экономикаға серпін береді деп санайды. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «24kz». Фото: dmk.kz.