05 Маусым, 2014

Еуразиялық экономикалық одақ елімізді дамудың даңғыл жолына бастайды

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
energo03АСТАНА. 5 маусым. Еуразиялық интеграция үдерісі энергетика саласының өркендеуіне ерекше басымдық береді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қа­зақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстар жыл сайын артып келеді. Әсіресе, энергетика, ғарыш, мәде­ни-гу­манитарлық салалар бойынша әріптестік жақсы жолға қойылған. Мәселен, «Еур­азиялық энергетикалық кор­порация» акционерлік қоғамы ресейлік серіктестерімен тығыз байланыс орнатқан. «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» ақ президенті Абдуазим Рустамбаев: «Интеграция – уақыт қажеттілігі. Әлемдік экономикаға косылу, ортақ нарықта шыңдалу барлық елдер үшін де маңызды. Осы тұрғыдан келгенде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев еліміздің алдына биік мақ­саттар қойды. Яғни, Еуразиялық экономикалық одақ құру арқылы еуразиялық интеграция жолына түсу біздің еліміз үшін жаңа тарихи үдерістің бастауына айналды», – деді. Абдуазим Рустамбаевтың айтуынша, қазіргі кезде «Еуразиялық энер­ге­тикалық корпорация» акционерлік қоғамы Мәс­кеуден бастап, Санкт-Петер­­бург, Сызрань, Белгород, Екате­рин­­бург, Подольск, Чебоксары және басқа қалалардың зауыттарымен өндірістік серіктестік байланыста. Олардың арасында түрлі жабдықтар жасайтын Урал зауыты, «ТяжМаш» ААҚ, «БелЭнергоМаш» ААҚ, «Эмерсон» ЖШҚ, «Мосэлектрощит» ААҚ, «Альстом пауэр ставан» ЖАҚ, «НПО «ЭлСиб» ААҚ бар. Естеріңізге сала кетейік, «Еур­азиялық энергетикалық кор­порация» акционерлік қоғамы ENRC құрамындағы (ERG еншілес компаниясы) электр энергия­сымен жабдықтаушы ірі кәсіп­орын­дардың бірі. Елі­мізде өндірілетін электр энер­гиясының 17 пайызы осы компанияның үлесінде. Жолдыбай Базар. Дереккөз: egemen.kz. Фото: Ortcom.kz.