05 Маусым, 2014

Мемлекет басшысы Бурабайда шетелдік инвесторлармен кездеседі

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
prezident03АСТАНА. 5 маусым. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен 12-13 маусым күндері шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші жалпы отырысы өтеді. Аталған жиында шетелдік инвесторлардың еліміздің екінші индустриялық-инновациялық бесжылдығына қатысу мәселелері талқыланады. Бұл туралы Байланыс және ақпарат агенттігі хабарлады. Басқосуда негізгі баяндамашылар ретінде Үкімет басшысының орынбасары,  Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев және Еуропалық Қайта құру және даму банкінің президенті Сэр Сума Чакрабарти сөз сөйлейді. Жиында бұлардан бөлек, «Азиялық даму банкі», «Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы», «Бэйкер мен Макензи», «Сбербанк», «Би Джи Групп», «Дженерал электрик», «ЛУКОЙЛ», «Камеко», «ШЕЛЛ» сияқты компаниялардың басшылары өз пікірлерін ортаға салады. Естеріңізге сала кетейік, шетелдік инвесторлар кеңесі Президенттің төрағалығымен өтетін конcультациялық-кеңесші орган. Оның құрамына 35 шетелдік компания мен халықаралық ұйымдардың басшылары бар. Жолдыбай Базар. Дереккөз: Байланыс және ақпарат агенттігі. Фото: akorda.kz.