05 Маусым, 2014

Бірқатар заң жобалары мақұлданды

214 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Кеше Мәжіліс депутаттары палата Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен жалпы отырыста Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылап, Сенатқа жолдады. Сыртқы сұраныстың төмен­деуіне қарамастан, қазақстандық экс­порттан тұрақты табысты қамта­масыз ететін шикізатқа әлемдік бағаның салыстырмалы жоғары деңгейі экономиканың өсіміне ықпал ететін сыртқы фактор болды. 2013 жылы Қазақстанның негізгі экспорттық тауары – мұнайға орташа баға баррелі үшін 108,9 доллар деңгейінде бекіді, бұл бюджетті қалыптастыру кезіндегі болжамды бағадан 2,6 долларға жоғары. Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстары 2013 жылы 3,0 %-ға ұлғайды және 674,9 мың теңгені құрады. Қазақстан Республикасы Ста­тис­тика агенттігінің алдын ала де­­рек­тері бойынша, 2013 жылы жұ­­мыс­­сыздық деңгейі 5,2 %-ға тө­мен­­деді (2012 жылы – 5,3%), жұ­­мыс­­пен қамтылғандар саны 8 526,7 мың адамнан 8 590,7 мың адамға ұлғайды.   Жұмыспен қамтылған ха­лық­тың құрамында өзін өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 31,9%-дан 30,9%-ға төмендеді. Мәжілісте өткен жалпы отырыс­та «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды. Заң жобасы Мемлекет басшы­сы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – қалып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан хал­қына Жолдауын, сондай-ақ, Мем­лекет басшысының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 ақпандағы кеңейтілген отырысында берген инвесторлар үшін негізі инвестициялық келісімдер болатын жаңа ынталандыру пакетін енгізу, инвестициялық келісімдерді мүлтіксіз орындауды және инвестициялық саладағы заңнаманың тұрақтылығын қам­та­масыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген. Құжат бойынша Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Татья­на Яковлева баяндама жаса­ды. Оның қорытындысында Мәжі­лістің барлық комитеті жобаға оң қорытындыларын бергені атап көрсетілді. Отырыста «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заң­на­малық актілеріне экстремизмге және тер­роризмге қарсы іс-қимыл мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы» заң жо­басы бірінші оқылымда мақұл­дады. Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қатынастарды реттейтін заңнаманы жетілдіру заң жобасының негізгі мақсаты болып табылады. Заң жобасында Азаматтық іс жүргізу және Жер кодекстеріне, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Заң жобасының кей жақтарын Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев түсіндіріп өтті. Палата «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі ара­сын­дағы Табысқа салынатын салық­тарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Респуб­ликасының Үкіметі арасындағы Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Хаттама екі мемлекеттің са­лық қызметтері арасындағы ынты­мақтастық аясын кеңейтуді ынталандыратынын Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Үсенгелді Медеуов атап өтті. Хат­таманың мақсаты Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы қолданыстағы келісімге және оған 2006 жылғы 19 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу болып табылады. Мәжіліс «Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге рұқсат беру құжаттарын құзыретті органдардың беру тәртібі, сондай-ақ, рұқсат беру құжаттарының нысандары аумағында өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға тір­келген Тарап заңнамасында айқын­да­латынын өз баяндамасында депутат Қайырбек Сүлейменов айтып өтті. Мәжіліс депутаттары «Қазақ­стан Республикасы мен Халық­аралық Қайта құру және Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Жобаның мақсаты Қазақстан Рес­публикасының құқықтық жүйе­сін жетілдіру, көрсетілетін қыз­меттердің сапасын және Әділет министрлігінің жеделдігін арттыру және судьялардың тиімділігі мен кәсібилігін арттыру болып табылатынын атап өтті өз баяндамасында депутат Еркін Шпанов. Жалпы отырыста «Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жы­лыстату, анықтау, алып қою жә­не тәркілеу туралы конвенция­ны ратификациялау туралы» Қазақ­стан Республикасының Заңына өзге­ріс енгізу туралы» заң жобасы да мақұлданды. Мәжіліс депу­таты Жанат Жарасовтың мәлім­деуінше, бұл түзетулер бұл күмәнді мәмілелер мен төлем­дерге бақылау белгілеу үшін қосымша мүмкіндіктер жасайды, қаржы ағындарының ашықтығын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмыстарға қарсы күрестің тиімділігін арттырады, сондай-ақ, көлеңкелі экономика деңгейін қысқартады. Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы конвенция 1990 жылғы 8 қарашада Страсбургте жасалған. Қазақстан Республикасы осы конвенцияға 2011 жылғы 2 мамырда қосылды. Қазақстан Республикасының Конвенцияға қосылуы құқық қорғау органдарына қылмыстық әре­кеттен түскен табыстарды анықтау, алып қою және тәркі­леу саласында қатысушы мемлекет­тердің құзыретті органдарымен ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мәжіліс «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы объектілерінің жұмысын бақы­лау­ды және қадағалауды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Мәжіліс депутаты Ізбақ Өмір­зақов заң жобасы Мемлекет бас­шысының қатысуымен өткен жи­налыстың қорытындыларын іске асыру мақсатында әзірлен­генін және электр энергетикасы объектілерінің жұмысын мем­ле­кеттік бақылау мен қадағалауды жетілдіруге, электр энергетикасы объектілерінің энергетикалық жабдығының техникалық жай-күйін жақсартуға, энергия өнді­ретін және энергия беретін ұйым­дардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысы, электр және жылу энергиясын тұтынушылардың кең тобы­ның құқықтарын қорғау үшін жауаптылығын арттыруға, энергетика кәсіпорындары көрсететін қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге бағытталғанын хабарлады. Жалпы алғанда, заң жобасы бой­ынша жұмыс тобының 18 отырысы өткізіліпті. Са­лыс­тырма кестеде 110 позиция бар. Ұсыныстардың барлығы қабыл­данды, қабылданбаған ұсыныстар қалған жоқ. Анар Төлеуханқызы, «Егемен Қазақстан».