04 Маусым, 2014

Атыраулықтар Еуразиялық экономикалық одақтан үлкен үміт күтеді

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ortcom03АСТАНА. 4 маусым. Атырау облысының шағын және орта бизнес өкілдері Еуразиялық экономикалық одақтан тиімді келісім-шарттар күтіп отыр. Бұл туралы «24kz» хабарлады. 2013 жылы Атырау облысы мен Ресей және Беларусь елдері арасындағы тауар айналымы 300 млн. долларды құраған. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш ұлғая түседі деп күтілуде. Беларусь республикасы Гомель облысы губернаторының орынбасары Болеслав Пирштук: «Кедендік түрлі кедергілердің жойылуы, жұмыс күші мен инвестицияның еркін қозғалысқа түсуі бизнестің дамуына оң ықпал етеді. Сондықтан біз экономикалық қатынастарды жандандыра түсуіміз керек. Бұл ретте Қазақстаннан үйренетініміз көп. Себебі Қазақстанда шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан қамқорлық көп. Біз осы үрдісті өзімізде пайдалануды жоспарлап отырмыз», – деді. Сол сияқты, ірі кәсіпорындар да шетелдік компаниялармен іскерлік әріптестіктің жаңа кезеңіне шықпақ. Алдағы уақытта облыстың шағын және орта бизнес өкілдер Ресей мен Беларусь нарығына батыл қадам басуға ұмтылыс білдіруде. Бүгінде Атырау облысында Ресей мен Беларусь капиталының қатысуымен 200-ден астам бірлескен кәсіпорын бар. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «24kz». Фото: ortcom.kz.