23 Мамыр, 2014

Маңғыстау боксшылары Бакуде топ жарды

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1400502023_mieo2b7aidu Теңіз жағалауындағы көршіміз Әзербайжан елінің астанасы – Бакуде бокстан халықаралық тур­нир өтті. Биыл 12-ші рет өтіп отырған «Гейдар Алиев кубогы-2014» турниріне 150 елдің спортшылары қатысты. Венгрия, Грузия, Ирландия, Латвия, Өзбекстан, Финляндия, Франция, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және алаң иелері қатысқан бокс додасында 13 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Маңғыстау облыстық бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан құрама командасы сәтті ойын көрсете алған. Отандастарымыз жалпы командалық есепте Әзер­байжаннан соң екінші орынды иеленіпті. 75 кг. салмақ дәрежесіндегі маңғыстаулық боксшы Б.Нұр­дәу­летов өткен жылғы Еуропа чемпионы ресейлік боксшыны финалда жеңіп, алтын медальді жеңіп алған. Ал, 54 кг. салмақ дәрежесіне дейінгілер арасындағы айқаста тағы бір Маңғыстаудан шыққан боксшы Б.Жетібаев қола медальмен оралды. Теңіздің арғы бетінде топ жарған қазақ ұлан­дарының жеңісі үшін жерлестер қуануда. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». АҚТАУ.