23 Мамыр, 2014

«КАDEX – 2014» көрмесі ашылды

244 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Астанада кеше «КАDEX-2014» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техни­­­ка­лық мүлік көрмесі ашылды. Ол 25 мамырға дейін жалғасады. Көрмеге әлем­нің 27 елінен 300 компания өкілдері, 54 ресми делегация қатысуда. kadex 25 kadex 29 Көрменің ашылу салтанатына Мем­лекеттік хат­шы Әділбек Жақ­­­сыбеков, ­ Премьер-Министрдің орынбасары Бақыт­­­­жан Сағынтаев, Қорғаныс ми­нистрі Серік Ахметов, әскербасылар, депутаттар, қазақстандық әскери-тех­никалық мүліктер шығаратын компания­лар басшылары, журналистер қатысты. kadex 16Үшінші рет өткізілгелі отырған бұл көрмеге әлемдік қару-жарақ өндірушілер тарапынан қызығушылық артып отыр. Бұған 27 ел өкілдерінің қатысып отырғаны дәлел. Олардың бәрі де Қазақстан қорғаныс өнеркәсібі кешеніне ден қойып, отандық өнімдерімізге көңіл аударуда. Көрмеге шығарылған отандық 80 компанияның да өнімдері қонақтардың қызығушылығын тудыратынына әскери мамандар сенімді. Соның ішінде биыл тұңғыш рет көрмеге шығарылып отырған отандық аэроғарыш өнеркәсібі өнімдерінің үлгілері де мамандарды селқос қалдырмас деген үміт бар. Жалпы, биылғы «КАDEХ-2014» көрмесінің өзінің алдында болғандардан айырмашылығы көп. Үшінші көрме ғарыштық технологиялар, авиациялық қару-жарақ, әуе шабуылына қарсы қолданылатын қорғаныс жүйелері, ІТ-технология, байланыс жүйелері мен құралдары, әскерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету секция­­ларының артуымен ерекшеленеді. «КАDEX-2014» көрмесіне алыс-жа­қын шетелдердің әскери-өнеркәсіп ке­шенінің өнімдері де көптеп шыға­рылған. Тутұғырға «КАDEX-2014» жалауы ілінгеннен кейін көрме ашық деп жарияланды. Одан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалды. Осыдан әрі жиналғандарға қазақстандық қару-жарақтардың мүм­кіндіктері мен қуаты паш етілетін қойы­лым көрсетілді. Соның ішінде, әсіресе, авиа­ция­ның барлық түрлерінің пило­таж топта­­­рының өнерлері көрермендерді селқос қалдырмады. Сондай-ақ, «танк вальсі» деген ойын түрі көрсетіліп, танкистер де өздерінің осал еместіктерін айғақтады. Ең алдымен арнаулы әскери күштер содырларды тез жою ойындарын көрсетті. Белгіленген уақытта қорғаныс шебіне жатып үлгерген арнаулы топқа тікұшақпен қосымша күштер көмекке келіп, мұздай қаруланған содырларды аз уақыттың ішінде «жойып» жіберді. Әскери ойындар көрсетіліп болған соң лауазым иелері мен қонақтар арнайы алаңға тұрғызылған және павильонда орналастырылған қару-жарақтар мен әскери техникаларды аралап шықты. Осы күні Қорғаныс министрі С.Ахметов көрмеге қатысушы бірнеше шетелдік компаниялар басшыларымен екіжақты келіссөздер жүргізді. Жалпы, отандық қорғаныс саласы үшін «КАDEX» перспективалық жобаларды іске асыруға, қазіргі заманғы жүйелерге қол жеткізуге, технологиялық жаңа деңгейлерге көтерілуге мүмкіндік беретін алаң болып табылады. Көрменің маңызды бөлігін іскерлік және әріптестік туралы келіссөздер құрайды. 2012 жылы болған екінші «КАDEX» көрмесінде «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы ғана әлемдік озық компания­лармен 2020 жылға дейінгі аралықта құны 1,5 млрд. долларға тең болатын жобаларды бірлесіп іске асыру туралы келісімшартқа қол қойған еді. Сонымен қатар, көрме барысында бірқатар шаралар ұйымдастырылады.Оларға қатысушылар қазіргі заманғы әскери-техникалық саясаттың өзекті мәселелерін, қарулы күштерді мате­риалдық-техникалық тұрғыдан қамта­м­а­сыз ету, қару-жарақ пен әскери-тех­никалық мүліктерді өндіру, жөндеу, жаңғырту бойынша өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылайды. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».