23 Мамыр, 2014

Әзіл астарында... еңбек қауіпсіздігі

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Қазхром» ТҰК» АҚ-тың филиалы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының Металлургтер мәдениет үйінде «Біз – қауіпсіз еңбек үшін» атты та­қы­­­рыпта көңілділер мен тапқырлар командаларының сайысы болып өтті. кауипсиз сурет 3 Жылдағы дәстүр бойынша биыл да зауыттықтар арасында көңілділер мен тапқырлар сайысы өз жалғасын тапты. Сайысқа цех, бөлімшелерден он команда қатысып, әзіл-шыны аралас тамаша ойын өрнегін көрсетті. Техника қауіпсіздігіне арналған сайыс әдеттегідей үш тапсырмадан тұрды. Мәдени шараның арқауы техника қауіпсіздігі болғандықтан әрбір команда күнделікті өндірісте орын алған жағдайларды астарлы әзілмен көрермендерге ой тастай отырып жеткізіп, кемшіліктің зардабы қандай болатынын көз алдарынан өткізуі әсерлі шықты. Көңілдерге түрлі ой тастар әзілімен үздіктер қатарынан көрінген №2 балқыту цехы мен хиимиялық сараптама кауипсиз Сурет 2-1зертханасынан құрылған «ЭКШН» командасы бас жүлдені және 70 мың теңге ақшалай сыйлықты қанжығасына байлады. Екінші орынды иеленген шикіқұрам дайындау цехы және техникалық қадағалау бөлімінің «СИЗ» командасы 50 мың теңге, үшінші орын алған өндірісті автомат­­­тан­дыру және байланыс цехы мен әкті күйд­і­ру және көмір­қышқылын өндіру учаске­сі­нің жаста­рынан құрылған «White» құра­ма командасы 35 мың теңге ақшалай сый­лық­ты олжалады. Жүлделі орындарға ілік­пеген қоман­даларға да ынталандыру сый­лық­та­ры мен алғыс хаттар табысталды. Ал көрер­мендердің көзайымы болған жекелеген ой­ыншылар да марапаттан құралақан қалма­ды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.