22 Мамыр, 2014

Елімізде инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі бес жылда екі есеге артты

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
jortcom01АСТАНА. 22 мамыр. 2009 жылдан бері есептегенде елімізде инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі екі есеге көбейген. Үкімет басшысының орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев VII Астана экономикалық форумы аясында ұйымдастырылған инновациялық конгресте осылай деді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Әсет Исекешевтің айтуынша, инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 2009 жылдан бастап 4 пайыздан 8 пайызға дейін артқан. Әсет Исекешев: «Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бесжылдығында тиісті реформалар жүргізілді, индустриалдық-инновациялық қызметті қолдау тетіктері жасалды», – деді. Енді, Үкімет алдында екінші бесжылдықтың негізгі талабы – өңдеуші өнеркәсіпті6 инновациялық секторларды дамыту үшін негіздер құру міндеті тұр. Сондай-ақ,  екінші бесжылдық бағдарламасы бойынша технологиялық құзыреттерді жоғарылату және инновацияларға сұранысты ынталандыру ісі қолға алынуы тиіс. Жолдыбай Базар. Дереккөз: primeminister.kz. Фото: gazeta.kz.