22 Мамыр, 2014

15 жасар Темірлан Жәнібеков – каратэ киокушинкайдан Еуропа чемпионы атанды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
karate01АСТАНА. 22 мамыр. Каратэ киокушинкайдан Болгарияда өткен жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында елордалық Темірлан Жәнібеков жеңімпаз атанды. Бұл туралы «24kz» хабарлады. Бұл чемпионатта 37 елден келген 400-ге жуық жасөспірім 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Осы сында Темірлан барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңістің биік тұғырына көтерілді. Еуропа чемпионы Темірлан Жәнібеков: «Финалда Ресей спортшысымен күш сынастым. Әрине, жеңіс оңай келген жоқ, бірақ барынша тырысып, жеңіске жеттім. Ендігі мақсатым – әлем чемпионатында топ жару», – деді. Осы арада ерекше тоқтала кетер жәйт, Темірлан Жәнібеков каратэ киокушинкайдан Еуропа чемпионы атанған тұңғыш қазақ. Жалпы, каратэ киокушинкай елімізде соңғы уақытта жақсы дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Республикамыз бойынша осы спорт түрімен 5 мыңға жуық адам шұғылданады. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «24kz». Фото: elarna.com.