22 Мамыр, 2014

Елімізде 2018 жылға дейін техникалық мамандықтар тапшы болады

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
tamara01АСТАНА. 22 мамыр. VІІ Астана экономикалық форумының пленарлық сессиясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова елімізде 2018 жылға дейін техникалық сала бойынша мамандықтар жетіспейтінін мәлімдеді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Тамара Дүйсенованың айтуынша, еңбек ресурстарындағы сұраныстарды қанағаттандыру және өндіріс пен оқыту арасында тікелей байланыс орнату үшін 2014 жылдың соңына дейін еңбек нарығындағы заманауи талапты ескере отырып, жаңа білім жіктеушісін жасау жоспарланған. Сондай-ақ, ол абиыл 147 жуық кәсіби стандарт жасалатынын атап өтті. Тамара Дүйсенова: «Өткен жылы 257 кәсіби стандарт жасалды. Жалпы,  2020 жылға дейін экономика саласына қатысты 900 жуық кәсіби стандарт жасау көзделген», – деді. Бұл шаралар еңбек ресурстарындағы сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылуы тиіс. Жолдыбай Базар. Дереккөз: primeminister.kz. Фото: news.nur.kz.