22 Мамыр, 2014

Алып келуге тыйым салынған автокөліктерді елімізге кіргізуге рұқсат берілді

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Matiz02АСТАНА. 22 мамыр. Daewoo Nexia және Daewoo Matiz жеңіл көліктерін алып келуге ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін рұқсат берілді. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлады. «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігі» заңнамасына өзгеріс енгізуіне сәйкес, Өзбекстанда шығарылатын бұл көліктерді 1 шілдеге дейін ғана елімізге алып келуге болады. Дегенмен, Үкімет қаулысында көрсетілгендей, аталған тыйым 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қайта күшіне енеді. Бірақ, Кедендік одаққа кіретін елдерден шыққан көліктерге бұл талап қойылмайды. Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанда шығарылатын оңтүстік кореялық Daewoo Nexia және Daewoo Matiz көліктерін Қазақстанға әкелуге 2014 жылдың 5 қаңтарынан бастап тиым салынған. Себебі, осы машиналарда қауіпсіздік жастықшасы, ABS тешегіші, балалар орындығы бекітелетін ISOFIX қондырғысы тәрізді құрылғылар қаралмаған. Ал бұл Кеден одағының «Дөңгелекті көліктердің қауіпсіздігі жөніндегі» талабына сәйкес келмейді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «Алматы» телеарнасы. Фото: matritca.kz.