22 Мамыр, 2014

Көктемгі шақыру бойынша жастар әскер қатарына жол тартты

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанадағы «Отан Ана» монументінің жанындағы «Отан қорғаушылар» алаңында әскер қатарына шақырылушыларды Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына салтанатты шығарып салу рәсімі және «Астана жастары мен армия – біртұтас» акциясының ашылу салтанаты өтті. Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі депар­таменті «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық фи­лиалының, «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен ұйымдастырған іс-шара әскери қызметтің беделін арттыруға, жасөспірімдерді Қазақстан армиясының қатарындағы қызметке дайындауға бағытталып отыр. Жастар алдында Қарулы Күштердің ардагерлері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері сөз сөйледі. Іс-шара барысында дөңгелекті әскери техника мен атыс қарулары, сарбаздардың киім-кешек үлгілері, сондай-ақ, әскер тектері мен түрлері көрсетілген көрме өтті. Елорда тұрғындары мен меймандары атыс қаруларымен және ұсынылған әскери техникамен таныса алды. Бұл акцияға 3000-ға жуық әскер қатарына шақыру жасына дейінгі және әскер қатарына шақыру жасындағы жастар қатысты. Көктемгі әскери қызметке шақыру аясында Астана қаласынан 500-ге жуық әскер қатарына шақырылу­шы мерзімді әскери қызметке жіберіледі. Жас буын Аэроұтқыр әскерлері мен арнайы әскерлер бөлімдерінің сапын толықтыратын болады. Биылғы көктемде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 11 мыңнан астам адам шақырылатын болады. Салтанатты іс-шара ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері десанттық-шабуылдау бригадасының «Қалқан» арна­йы мақсаттағы взводының және Мемлекеттік күзет қызметі құрмет қарауылы ротасының өнер көрсетуіне ұласты. «Егемен-ақпарат». DSC_9092 DSC_9234 Ерм-