22 Мамыр, 2014

Біріксең, бір трактор береді

256 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Бір кездері Байзақ ауданында ірі-ірі 10 кеңшар болған екен. Қазір майда-майда 2770 шаруа қо­жалығы бар. Әрине, бұларды бірік­тіру, ірілендіру жұмысы өз ре­тімен жүріп келеді, бірақ ұсақ-ұсақ болған соң олардың шаруа­сы да, машақаты да шаш етек­тен. Не несие ала алмайды, не мем­ле­­кет тарапынан берілетін жеңіл­дік­­терді пайдалана білмейді. Бұл бір ғана Байзақтың емес, бар­лық аудан­ның басында бар жағ­дай. Сон­­дықтан мұндай ұсақ қожа­лық­­тарды біріктіру басты мәселе болып тұр. Жамбыл облысында 50 гектарға дейін жер телімі бар шаруашылықтардың үлесі 64,4 па­йызды құрайды. «Бұлардың алдың­ғы қатарлы ғылыми-тех­ни­ка­лық жетістіктерді, атап айт­­қанда тамшылатып және жаң­быр­латып суару, басқа да ыл­ғал ресурс сақтау технология­сын, өндіріске агротехнология­ны, ауыс­палы егіс жүйесін ендіру­ге, өсім­дікті қорғауды дұрыс жол­ға қоюға ешқандай мүмкін­ші­­ліктері жоқ», дейді облыс­тық ауылшаруашылығы басқар­ма­сының басшысы Абдалы Нұра­лиев. Расында сөз етіп отыр­ған сала алға басуы үшін ғылыммен тығыз байланыста болуы керек. Еккен егін көп немесе аз өнім берсе де, соның сырын зерттеп, соңғы технологияларды ендіріп отырмаса, еш нәрсе дамымайды. Тағы да мықты мамандар қажет. Ал, ұсақ, әлеуеті аз шаруашылықтар мұндай жағдайға қол жеткізуді ойланбайды да, тіптен мүмкіндігі де жоқ. Сондықтан ауыл шаруа­шылығы басқармасы осы іске белсене кірісіп, бірігудің үш  жолын ұсынып отыр. Ол бойынша ұсақ қожалықтар іргесіндегі ірі шаруашылықтарға қосылу, өңдеуші кәсіпорындарға бірігу және өңкей ұсақ қожалықтардың өздері бірігіп, ірі шаруашылыққа айналу. Бұл тұста айта кететін бір ерекшелік, бірігудің арқасында үлкен ұжымға айналып, жұмысын тәп-тәуір бастаған кейбір шаруа­шылықтарға «Тараз» ӘКК арқылы техника әперу ісі пилоттық жоба ретінде қарастырылып отыр. Яғни, әр ауданнан кем дегенде бір ша­руа­шылыққа осындай демеу­­ші­лік жасалатын болады. Яғни, жұ­мысын көп болып бастаған ұжым­­дарға трактор, соқа, басқа да ауыл шаруашылығына қажетті техникаларды беру жоспарда бар. Аталмыш жоба «2013-2020 жыл­­­­дар­ға арналған Жамбыл облы­сы­ның ауыл шаруашылығы құры­лым­дарын ірілендіру» бағдар­ла­масы бойынша әзірленіп, халық қалау­лыларының қолдауына ие болған. Биыл Жамбыл облысында жос­пар бойынша 1252 шаруа­шы­лықты біріктіру керек болса, бүгінгі күнге дейін 146 шаруа­шы­лық іріленді. Жаңа жоба шаруаларды бірігуге ынталандырады деген үміт бар. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы.