Қоғам • 01 Маусым, 2022

Тарихи жадыны сақтаудың маңызы

224 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы аясында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінің 25 жылдығына арналған кездесу өтті.

Тарихи жадыны сақтаудың маңызы

Іс-шара модераторы, универ­ситет проректоры, филоло­гия ғылымдарының докторы, про­фессор, Саяси қуғын-сүр­гін құр­бандарын толық ақ­тау жө­ніндегі мемлекеттік комис­сияның мүшесі Дихан Қамзабекұлы кіріспе сөзінде елімізде бүгінгі күні тарихи жадыны сақтауға ерекше кө­ңіл бөлінетіндігін атап өтті. Ал Қазақ­стан халқы Ассамб­лея­сы Төр­аға­сының орынбасары-Пре­зи­дент Әкімшілігі ҚХА хат­шы­­лығының меңгерушісі Марат Әзілханов тарихтағы ақтаң­дақ беттерге Ассамблея өкілдері­нің қосып жатқан үлесі туралы айтты.

Зерттеушілер, ғалымдар бас қосқан кездесуде қазіргі таңда тарихшылардың қолында саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы құнды деректер бар екені айтылды. Мәселен, университет профессоры, тарих ғы­лымдарының докторы Арай­лым Мұсағалиева Солтүстік Қазақстанға жер аударыл­­ғандар туралы баяндады.

Репрессияға алдымен бай-шонжарлардың ұшырағаны тарихтан белгілі. Осы орайда «КСРО-ның шаруаларға қарсы репрессия саясатының құқықтық негіздері туралы» Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының док­торы, профессор Еркін Әбіл­дің зер­делеу жұмысы байлар­дың қу­ғын-сүргінге ұшырауы тақы­ры­­бын­дағы деректер қатарына қосылды.

Университеттің «Ел тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ерлан Сайлаубай көтерілісшілер қозғалысына қатыс­ты құжаттарды қарас­тыру мәселесіне тоқтал­ды. Ол ашар­шылық тақыры­бына арнал­ған көп томдық кітап­тарға сараптама жасаған. Жи­нал­ған­дарға Б.Әбдіғалиұлының Қазақ­станның ауыл шаруашылығын кеңестік жаңғырту кезеңіндегі құжат­тар жинақталған «Ашар­шылық» деп аталатын еңбегі таныс­тырылды. «Жинақтағы дереккөздер қазақ ауылдарын күштеп ұжымдастыруға байланысты қайғылы оқиғаларды, байлар мен кулактарды тап ретінде тәркілеу және жою саясатын ашып көрсетеді.

Сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мем­лекеттік комиссияның ал­дын ала жұмысының бір­қа­тар нәтижесі жарияланса, бас­қосу Саяси қуғын-сүргін құр­бан­дарын толық ақтау жөнінд­егі мемлекеттік комиссия мүше­лері­нің «Саяси қуғын-сүргін ауқы­мын зерттеу критерийлері: отан­дық және шетелдік тәжірибе» жина­ғы­ның тұсаукесерімен аяқталды.