
Сонымен қатар Бейнеу ауданында 1987, 1999, 1967, 1959 жылғы азаматшалардан скрининг аясында коронавирус індеті анықталды.
Барлық науқастар белсенді түрде анықталды. 7 науқастың 2-і бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған, 5-і скрининг шеңберінде анықталды.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күні Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 120 адам анықталған.