03 Сәуір, 2013

«А» КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

237 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

«А» КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Сәрсенбі, 3 сәуір 2013 2:17

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КАДР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ «А» КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ ЖАРИЯЛАЙДЫ.
КАНДИДАТТАРҒА БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ:
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарының 1-санатының бірінші тобы бойынша:
1) жеті жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, оның ішінде саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе мемлекеттік органдарда немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінде басшылық немесе олардың орынбасарлары лауазымдарында (В-2, С-2, С-О-1, D-2,  D-O-1 санаттарынан төмен емес), немесе А-1 санатындағы лауазымдарда үш жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

Сәрсенбі, 3 сәуір 2013 2:17

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КАДР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ «А» КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ ЖАРИЯЛАЙДЫ.
КАНДИДАТТАРҒА БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ:
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарының 1-санатының бірінші тобы бойынша:
1) жеті жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, оның ішінде саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе мемлекеттік органдарда немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінде басшылық немесе олардың орынбасарлары лауазымдарында (В-2, С-2, С-О-1, D-2,  D-O-1 санаттарынан төмен емес), немесе А-1 санатындағы лауазымдарда үш жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

2) немесе алты жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы тармақтың 1) тармақшасында аталған лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі талап етіледі.
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарының 1-санатының екінші тобы бойынша:
1) бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, оның ішінде саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе мемлекеттік органдарда немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінде басшылық немесе олардың орынбасарлары лауазымдарында (В-3, С-3, С-О-2, D-2, D-O-2, Е-2 санаттарынан төмен емес), немесе А-1, А-2, А-3 санаттарындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;
2) немесе бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдарда басшылық лауазымдарда төрт жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі*;
3) немесе төрт жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы тармақтың 1) тармақшасында аталған лауазымдарда бір жарым жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі талап етіледі;
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарының 2-санаты бойынша:
мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, құқық саласында жеті жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі талап етіледі.
«А» КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ 3 КЕЗЕҢДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:
1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау және олардың «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына талаптарына сәйкестігін қарау
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жасайтын кестеге сәйкес кандидаттарды тестілеу;
3) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссияларының және Ұлттық комиссияның жұмыс органдары жасайтын кестелерге*** сәйкес кандидаттармен әңгімелесу.
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:
1) жеке куәліктің көшірмесі;
2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған не заңнамада белгiленген өзге де тәртiппен куәландырылған көшiрмесi;
5) кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттері, таныстықтың, ынтымақтастықтың ұзақтығы мен жағдайлары және тағы да басқалары көрсетілген, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатқа қатысты лауазымды адамның немесе лауазымды адам жұмыс істейтін ұйымның бланкісінде кемінде бір ұсыным хат*
6) өз қолымен толтырылған өмірбаян;
7) кандидаттардың кәсіби деңгейі мен жеке қасиеттеріне қатысты өзге де құжаттар, оның ішінде біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, шет тілін меңгеру деңгейін айқындайтын кәсіби емтихан нәтижелері туралы сертификаттардың көшірмелері.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса, кандидатқа «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатыстырудан бас тартылады.
ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫ 2013 жылғы 3 сәуірден бастап 2013 жылғы 3 мамырға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүзеге асырады.
Кандидаттардың көрінеу жалған ақпаратты және құжаттарды ұсыну фактілерінің анықталуы оларды «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің кез келген кезеңінде шығаруға негіз болып табылады.
ҚҰЖАТТАР қолма-қол, почта:010000, Қазақстан, Астана,
Абай даңғылы, 33а,1601,1509-кабинет немесе электрондық почта арқылы: kyzmet_a@kyzmet.gov.kz мекен-жайы бойынша қабылданады.
Құжаттар қабылданғанда кандидатқа олардың тіркелгені туралы қолхат, оның ішінде электрондық түрде беріледі.
Құжаттар электрондық почта арқылы жіберіл­ген жағдайларда, кандидаттар құжаттардың түпнұсқаларын ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛҒАНҒА ДЕЙІНГІ ҮШ САҒАТТАН КЕШІКТІРМЕЙ ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда кандидат тестілеуге жіберілмейді.
Толық ақпаратты 8 (7172) 75 35 85, 75 32 21, 75 35 34, 75 34 23, 75 35 31, 75 34 57 телефондары бойынша, Агенттіктің интернет-ресурсында: www.kyzmet.gov.kz алуға болады.
Ескертпе.
** ұсынымхатты:
мемлекеттік саяси қызметшілер;
Қазақстан Республикасы Сенаты, Мәжілісі депутаттары, облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың мәслихат хатшылары;
лауазымға Қағидалардың 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен не Ұлттық комиссия жасақтаған «А» корпусының кадр резервінен тағайындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері;
Қазақстан Республикасының Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшы­сының келісімімен тағайындалатын (Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы №828 Жарлығы, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі №784 қаулысы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы №376 қаулысымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесіне сәйкес ұлттық компанияның, ұлттық холдингтің, ұлттық даму институтының басқарма төрағалары береді.
*** Облыстардың, астананың, республика­лық маңызы бар қаланың тиісті кадр комиссияларында орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде, жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік лауазым атқаратын кандидаттар әңгімелесуден өтеді.
Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын кандидаттар әңгімелесуден облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қала­ның тиісті кадр комиссияларында тіркелген жері бойынша өтеді.
Кандидаттар облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті кадр комиссияларында әңгімелесуден өткеннен кейін Ұлттық комиссияда оның жұмыс органы жасаған кестеге сәйкес әңгімелесуден өтеді.
Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өту кезінде облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті кадр комиссияларының ұсы­ныстары қосымша ақпарат ретінде қаралады.
–––––––––––––
* Мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдарда басшылық лауазымдарға:
1) мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдардың (кіші кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын ұйымдарды қоспағанда) басшылары мен олардың орынбасарлары;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің департаменттері мен дербес басқармаларының  басшыларының немесе филиалдарының басшыларынан төмен емес;
3)  ұлттық басқару холдингтерінде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында департаменттер басшыларынан төмен емес лауазымдар жатады.