04 Сәуір, 2013

Арқар атып, ақбөкен аулаған браконьерлерді құқық қорғаушылар тап бастырмай ұстады

436 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Арқар атып, ақбөкен аулаған браконьерлерді құқық қорғаушылар тап бастырмай ұстады

Бейсенбі, 4 сәуір 2013 2:04

Қызылорда облысының құқық қорғаушылары айналасы бірер күннің ішінде тау аңғарында арқар атып, адырда ақбөкен аулап жүрген арсыз аңшыларды құрыққа түсіріп, қылмыстарының жолын кесті. Алдымен полиция басқармасы табиғатты қорғау бөлімі мен «Охотзоопром» ӨБ мемлекеттік мекемесі қызметкерлері бірлесіп құрған жедел топ Жаңақорған ауданы аумағындағы Арқарбұлақ шатқалында арқар атып жүрген азғындарға жолықты.

Табиғат қорғаушылардың көздеріне ел-жұрттан алыс маңда маңып жүрген  «УАЗ» бірден түсті. Ал оны қаумалап жүріп тоқтатып, салонын ашып қалғанда, арғы жағынан бір арқардың сыпырылып алынған еті суырылып шыға келді. Қазақстанның Қызыл кітабына кірген сирек кездесетін бұл аңды неге және не үшін атып алғандарын енді бірі 51-дегі, екіншісі 34-тегі Жаңақорған ауданының тұрғындары сот алдында айтып беретін болады. Олар мінген көліктің салонынан сондай-ақ МЦ үлгідегі 1 аңшы мылтығы мен 3 дана политиленді оқ айғақты зат ретінде алынды. Қазір жинақталған құжаттар бойынша аудандық ішкі істер бөлімі күдіктілер үстінен тексеру амалдарын жүргізуде.
Осының артынша Арал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен жүргізілген рейд кезінде бір ақбөкеннің еті мен алты ақбөкеннің мүйізін алып бара жатқан қаныпезер құрыққа түсті. Ол Арал қаласының солтүстігіндегі 90 шақырым жердегі автотрасса бойынан «Хонда» маркалы көлік тоқтатылған кезде аян болды. Ал машина мен ондағы заттардың иесі Сексеуіл кентінің 27 жасар тұрғыны болып шықты. Тексеру қорытындысында салоннан тағы 1 дана қолдан жасалған пышақ, 1 дана қол арасы айғақ зат ретінде тәркіленіп алынды.
Күдікті ретінде ұсталған жігіт ақбөкенді кенттен 80 шақырым қашықтықтағы Құти тақырынан қуып ұстағанын мойындаған. Прокуратура бұл оқиғаға байланысты да қылмыстық іс қозғалып, анықтау амалдарын жүргізу үшін құжаттарды аудандық ішкі істер бөліміне жолдады.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда облысы.