Президент • 12 Маусым, 2019

Телефон арқылы сөйлесті

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Бі­рік­кен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гу­тер­­­риш­пен телефон ар­қы­лы сөй­лесті, деп хабар­лады Қазақ­стан Прези­дентінің баспасөз қызметі.

Телефон арқылы сөйлесті

Антониу Гутерриш Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Мем­лекет басшысына табыс тілеп, оның жоғары лауазымдағы қыз­меті Қазақстан халқының ыры­сы мен бірлігін нығайтуға бағыт­тала­тынына сенім білдірді.

– Сізді Біріккен Ұлттар Ұйы­мында тәжірибелі де танымал саяси қайраткер ретінде жақсы білеміз. Өзіңізді досымыз деп санаймыз, – деді А.Гутерриш.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ан­тониу Гутерришке құттық­тағ­аны үшін ризашылық біл­діріп, Қазақ­станның БҰҰ-мен ық­пал­дас­тығын одан әрі пәрменді түрде жал­ғастыруға ниетті екенін айтты.

Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастық пен жаһандық Ұйымның күн тәртібіндегі мәсе­лелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше