04 Сәуір, 2013

Ақжайықтағы «Радуга»

287 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақжайықтағы «Радуга»

Бейсенбі, 4 сәуір 2013 2:13

Жақында Ақжайық ауданы­ның орталығы – Чапаев ауы­лы­ның жұртшылығы айтулы да ажарлы оқиға – «Радуга» славян мәдени бірлестігінің салтанатты ашылуына куә болды.
Ауданда барлығы 21 ұлт өкілі тұрады, олардың 94 пайызы –түпкі жұрт. Орыс, украин, белорус, құмық, мордва, чуваш өкілдері де Отанымыздағы бірлікті, тұтастықты таусылмас бақыт деп біледі. «Жастар» мәдени-демалыс орталығы ғимаратының үлкен бөлігіне орналасқан «Радуганың» ашылуына жиналған көпшілікті аудан әкімі Нариман Төреғалиев құттықтады.

– Сан ғасырдан бері қазақ­тың кең даласына көптеген ұлт, ұлыстардың ұрпақтары ке­ліп орнығып, бір-бірімен тамыр, дос болып, тату-тәтті өмір сүріп келе жатыр. Дархан көңілді, кең пейілді жұртымыз оларға құшағын ашты. Бұл – біздің тарихи қасиетіміз, өсіп-өркендеуіміздің басты негізі. Қазақстандағы достық пен бауырмалдық туының астына біріккен тұрғындардың қажырлы еңбегінің арқасында елімізді бүгін дүние жүзі мойындап отыр. Бұл, бірінші кезекте, түсіністіктің нәтижесі, – деді Жайық өзенінің қос қанатын алып жатқан үлкен ауданның басшысы.
Орыс православие шіркеуі облыстық епархиясының өкі­лі Владимир Картяжников бір­лестікке Орал және Гурьев ар­хиепископы Антонийдің тіле­гін жеткізді. Қазақстан халқы Ассамблеясы аудандық бас­та­машы тобының мүшесі, «Ра­ду­ганың» төрайымы Вален­ти­на Боричевская және сөз ал­ған басқалар этномәдени бір­лес­тік құрылуының мәні, әр қа­зақстандықтың отансүйгіштік, достық қасиеттері туралы әңгімеледі.
Қалың қауым алуан ұлттың тұрмыс, еңбек құралдары, бұйымдары қойылған көрмемен танысты. Сахна төрінен Отан, бейбіт тірлік жайында әндер әуеледі.
Болат ЕСҚАЛИЕВ, 
журналист. 
Батыс Қазақстан облысы.

Суретті түсірген 
Нұрбек ИХСАН.