Үкімет • 16 Қаңтар, 2018

Ауыл шаруашылығы вице-министрлері тағайындалды

840 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен Арман Евниев ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі, Гүлмира Исаева ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы вице-министрлері тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы қаулысымен Арман Қайратұлы Евниев ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

Евниев А.Қ. 1968 жылы 21 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтында (1990) ғалым-агроном мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясын (2001), Қарағанды «Болашақ» университетін (2002) тәмамдады.

Еңбек жолын 1985 жылы совхозда қарапайым жұмысшы болып бастады.

1990-1994 жж. Солтүстік Қазақстан облысында «Степной» кеңшарының агрономы, бас агрономы болып жұмыс істеді.

1994-1999 жж. Солтүстік Қазақстан облысы, Мәскеу ауданында ХХV Партсъезд атындағы «Жаңаөзен» ЖШС-де директор қызметін атқарған.

1999-2000 жж. Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы әкімінің орынбасары және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2001-2002 жж. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі аппаратында кеңесші және бөлім меңгерушісі, Парламент Мәжілісі аппаратында Экономикалық реформа және жергілікті даму комитетінің Хатшылында бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.

2002-2005 жж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінің директоры болды.

2005-2006жж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі болды.

2007-2008жж. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының бірінші орынбасары.

2008-2010 жж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі.

2011 жылы «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК төрағасының орынбасары;

2011 жылы «Қазақстандық АӨК бойынша іскерлік кеңес» Ассоциациясының төраға орынбасары;

2013-2016 жылдар аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы қызметін атқарды.

2016-2017жж. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор лауазымында болды.

«Құрмет» орденінің иегері.

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы 1969 жылы 23 тамызда Алматы облысында туған. Семей сүт және ет өнеркәсібі технологиялық институтын (1991), Қазақ қой шаруашылығы ғылыми – зерттеу технологиялық институтында аспирантураны бітірген (1994).

Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, тамақ қауіпсіздігі бойынша PhD.

Еңбек жолын 1991 ж. Семей сүт және ет өнеркәсібі технологиялық институтында бастаған.

Қазақ қой шаруашылығы ғылыми – зерттеу технологиялық институтында түрлі қызметтерді атқарды.

В 1998-2000 жж. «Еңбек» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында ет және ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша бас технолог қызметін атқарды.

В 1996-2001 жж. Мыңбаев атындағы тәжірибелік шаруашылығында мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен өндіру бойынша селекционер-зоотехник, ғылыми консультант қызметтерінде болды.

2001-2007 жж. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде аға оқытушы, мал шаруашылығы технологиясы факультетінде оқу бойынша деканның орынбасары қызметінде болды.

2007-2011 жж. «Crown Central Asia» ЖШС-де мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінде коммерциялық директор, директор қызметтерін атқарды.

2011-2012 жж. «КазАгроӨнім» АҚ Басқарушы директоры болып істеген.

2012 жылдан 2017 жылға дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен және «Еуразиялық экономикалық одақты құруға ат салысқаны үшін» 2 дәрежелі медалімен марапатталды.