Аймақтар • 15 Қаңтар, 2018

Туу туралы куәлік пен жөргекпұлды перзентханадан алып шығасыз

2782 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді балаңыз дүниеге келсе, оның туу туралы куәлігі мен жөргекпұлын алу үшін арнайы мекемелерді жағалап, уақыт кетірмейсіз. Ешқайда бармай-ақ перзентхананың өзінен құ­жатты алып қайтасыз. Тек смс-ке жауап берсеңіз болғаны. «Аза­маттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шығыс Қазақстанда осындай жобаны бастап кетті. 

Туу туралы куәлік пен жөргекпұлды перзентханадан алып шығасыз

10 қаңтар күні түнде ана атанған Өскемен қаласының тұрғыны Валентина Коноплева бұл қызмет түрін ең алғаш пайдалану бақытына ие болып, оған туу туралы куәлік салтанатты түрде табысталды.

Енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы әрбір босанған анаға құттықтауы және қызмет түрін пайдалану нұсқаулығы бар смс жолдайтын болады. Бұл үшін әуелі перзентхана қызметкері баланың дүниеге келгенін электронды жүйеге тіркеуі керек. Сол кезде ата-ана ұялы телефон арқылы келген смс-ке жауап беріп (жауап бергенде баланың аты-жөнін жазады), құжатты күтеді. «Алыс ауылдарда тұратын әйелдер көбінесе қалаға келіп босанатыны белгілі. Олар бұл құжатты бірден ала алмайды. Бірақ олар смс арқылы кейін қай жерден алатынын көрсетуге мүмкіндігі бар. Мәселен, өзінің тұрғылықты ауданын көрсетіп, перзентханадан шыққаннан кейін келіп алуы­на болады. Сонымен қатар құжатты басқа адам, мәселен, күйеуі келіп алса да болады. Бұл үшін смс-те оның аты-жөні мен ЖСН-ін көрсету қажет», – дейді облыс­тық халыққа қызмет көрсе­ту орталығының директоры Азамат Есемболов.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН