Қазақстан • 13 Шілде, 2017

Инновация – жаңа игіліктер арнасы

556 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгінгі Қазақстан – қоғам өмірінің барлық саласында оң өзгерістерге жетіп, экономикасы, білімі мен мәдениеті тұрақты дамыған, ынтымағы жарасып, берік нығайып келе жатқан еңселі ел.

Инновация – жаңа игіліктер арнасы

 Елбасының биылғы Жолдауында ел да­муына тың қарқын беретін жаңа бағ­дар­лар ұсы­нылған еді. Ал Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы еліміздің экономикалық да­муы­ның инновациялық өзегіне айналып, бә­се­кеге қабілеттілігін арттыра түсуі тиіс. Яғ­ни, сандық технологияларға негізделген бо­ла­шағы зор бағыттарға айрықша мән берілуі ке­рек. Ал білім беру, денсаулық сақ­тау, халықты әлеуметтік қорғау және бас­па­намен қамтамасыз ету сияқты маңызды са­ла­лар қашанда басты назарда қала бермек. Мұ­ны біз қазіргі жағдайдан да анық көріп отырмыз. 
Жолдаудағы негізгі басымдықтардың бірі – адами капиталдың сапасын жақсарту. Не­гізгі мақсат – білім беруді экономикалық өсу­дің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сы­ни ойлау қабілетін және өз бетімен із­дену дағдыларын дамытуға бағыттау қа­жет­тігі бас­ты назарда болып, сонымен бір­ге, IT-бі­лімді, қаржылық сауаттылықты қа­лып­тас­тыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керектігі назарға алынған.  
Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары, білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары мен әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту, ғылым мен бизнестің кооперациясы секілді көптеген маңызды құндылықтарды қамтиды. Осы орайда білім, ғылым және инновация салаларында жаңа бағыттар бойынша ізденістердің жүзеге асып келе жатқанын айт­қан жөн. Қазіргі уақытта тікелей назар­да тұратын аса маңызды мәселелердің бі­рі елі­міздің инновациялық тұрғыдан дамуы бо­лып табылады. Бұл – барлық салада жа­ңа­шыл­дық енгізу, үздіксіз жаңғырту, жа­ңа­ша бастау деген сөз.
Биыл Елбасының бастамасы бойынша «Баршаға арналған тегін кәсіптік-тех­ни­ка­лық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Сонымен қатар, жоғары білім беру жүйесі са­пасына ерекше назар аударылуда. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, ма­те­риалдық-техникалық жабдықталу дең­гей­і­не, білім беру бағдарламаларына қа­тыс­ты бақылау мен талап күшейтілуі қа­жеттігі қа­дап айтылды.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кей­інгі білім саласында жобаларды заманауи кадр­­лармен қамтамасыз ету инновациялық си­­паттағы білім беру бағдарламалары есе­бінен жүзеге асырылатын болады, ал оқу­дың өзі жаңа зертханалық жабдықтармен жүр­гізілмек. 
Екі ұлттық инновациялық кластердің – Астанадағы «Назарбаев Университет» пен Алматыдағы Инновациялық технологиялар паркін одан әрі дамыту жалғасады, оларда қажетті инновациялық экожүйе жасалуда.
Мысалы, «Назарбаев Университеттің» инно­вациялық кластерін дамыту аясында қазір­дің өзінде қажетті ғылыми-зерттеу ин­фр­ақұрылымы жасалды және оған ғылымның түрлі саласынан 350 шетелдік ғалым тартылды. «Астана бизнес кампус» ғылыми саябағы аумағына әлемдік дең­гей­дегі жоғары технологиялық компания­лар­ды тарту мақсатында 90-нан астам компа­ниялармен келіссөздер жүргізіліп, ал­тауымен меморандумдарға қол қойылған. Кор­поративтік R&D орталықтарын орнал­ас­тыру, шағын және орта бизнестің жо­ға­ры технологиялық нысандары, стартап­тары; инновациялық экожүйесін құру жос­парлануда. Онда сондай-ақ «ғылыми-зерт­теулердің нәтижесін коммерцияланды­ру туралы» Заң әзірленетін болады және ин­дустрияландырудың мемлекеттік бағ­дар­л­а­масы қажеттіліктеріне ғылыми гранттар мен бағдарламалар құрылымын қайта бағ­дар­лауды өткізеді.
Жоғары оқу орындарының ұлттық зерттеу университетіне трансформациялану жөніндегі стратегиялық бағытына оң баға беріп, әртүрлі салалық білім мен ғылымның интеграциялануына қатысты бірқатар нақты тапсырмалардың берілуі құптарлық жағдай.
Ең бастысы, инновациялық-индус­трия­лық бағыттағы атқарылып жатқан істерді жал­ғастыра беруіміз керек. Өйткені, кез кел­ген мемлекеттің экономикасына индуст­рия­ландыру қуат бітіреді. Әрине, ауыл ша­руашылығы, тамақ өнеркәсібі сияқты бас­қа салалардың рөлін ешкім жоққа шы­ғар­майды. Әйтсе де, ешбір сала индустрия са­ласы сияқты елдің экономикасының өсуіне елеулі ықпал ете алмайды. Мем­ле­кет басшысының Қазақстан халқына Жол­дау­ында индустрияландыруға, сондай-ақ ша­ғын және орта бизнесті инновациялық тұр­ғысында дамытуға айрықша тоқталып оты­рғаны да сондықтан.

Әбдіжапар САПАРБАЕВ,
экономика ғылымдарының докторы, профессор