Қазақстан • 20 Маусым, 2017

Фидель Кастроның ұлы: ЭКСПО көлемімен таңқалдырады

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада өткен дүниежүзілік инженерлер конгрессі мен ғалымдардың ресми баспасөз конференциясында кубалық физик-ядрошы Фидель Кастро Диас-Баларт ЭКСПО, Астана және ғылымның адамзат үшін маңыздылығы туралы айтты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Фидель Кастроның ұлы: ЭКСПО көлемімен таңқалдырады

Куба мемлекеттік кеңесінің ғылым бойынша кеңесшісі, Куба ғылым академиясының вице-президенті Фидель Кастро Диас-Баларт Қазақстан астанасына WSEC-2017 конгресс жұмысына қатысқан болатын. Кубалық осымен екінші рет Астанаға келіп отыр. Алғаш 2015 жылы болған. 

- Мен әлі көрмені көрген жоқпын. Алайда, мен шет жағасын байқағанымның өзі бұл Қазақстан үшін ерекше оқиға. ЭКСПО-ның көлемі де таңқалдырады. Жақын күндері арнайы барып, энергетика саласындағы барлық заманауи технологиямен танысатын боламын. Мен ғылым әр адамның мәдени дамуының бір бөлшегі деп есептеймін. Көптеген саяси көшбасшылар ғылым саласында еңбек еткен. Менің білуімше, Қазақтан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси басшы болса да, ғылыми білім-білігі жоғары, - деді Фидель Кастро Диас-Баларт.

Ғалым астаналық конгресс әлемдік ИИҒ дамуына, іскерлік мүмкіндіктер мен тәжірибе алмасу орнына айналатынына сенімді.

Фидель Кастро Диас-Баларт, ғылым әлемінде Хосе Рауль ретінде танымал. Ол өзінің шын есімін жақында ғана айтты. Оның сөзінше, Фидель Кастроға туыстық қатысы бар екенін ұзақ жылдар бойы құпия ұстауының өзіндік себебі бар екен.