Қазақстан • 15 Маусым, 2017

Ақтауда арбадағы спорттық билердің республикалық чемпионаты өтеді

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау өңірінде алғаш рет өткізілгелі отырған спорттық  шара өңірдегі су жаңа «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде болмақ.

Ақтауда арбадағы спорттық билердің республикалық чемпионаты өтеді

Қазақстан Республикасы «Заманауи және спорттық би» федерациясы мекемесі мен Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спор басқармасының ұйымдастыруымен, еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі мен Маңғыстау облысы бойынша Ұлттық Параолимпиада комитетінің қолдауымен сайыс маусым айының 17-18-і күндері өткізіледі.

Қазақстанның Астана қаласы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысы, Қостанай облысы, Ақтөбе облысы сынды 7 облысы мен қалаларынан арбада отырған 25 биші қатысатын спорттық би өнері сайысы жеңімпаздар үшін  2017 жылғы Әлем Чемпионатына,  Әлем Кубогына қатысуға лицензия береді, сондай-ақ спорттық разряд алып, Қазақстан Республикасы құрамасының қатарына енуге мүмкіндік береді.

Гүлайым Шынтемірқызы,

 «Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы